jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Аборт қалдығын бизнес көзіне айналдырған

12 желтоқсан 2018, 15:07
1946

Аборт қалдығын бизнес көзіне айналдырған

Түсіктен қалған биоматериалдар қазір таза кәсіп көзіне айналған. Олардың бірі әйелдердің косметикасына айналса, енді бірі тіпті тағам ретінде пайдаланылатын көрінеді. Оны мамандар да жоққа шығармады деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Қоғам белсенділері кезінде Голливудтың жұлдыздарынан басталған жаңа бизнес бүгінде ТМД елдеріне көшіп, Қазақстанда да кеңінен етек жайып жатқанын айтады.

Алайда министрлік түсіктен қалған эмбриондар өртеліп, арнайы жерге көмілетініне сендіріп отыр.

«Әрине, тақырыпқа үңілу үшін мен ғаламтордың көмегіне жүгіндім. Сонда биоматериал туралы ақпаратты көріп қалдым да жағамды ұстадым. Биоматериал кәдімгі бизнестің көзіне айналған екен.
Яғни түсіктен қалған қалдықты, дәлірек айтсам эмбриондарды косметалогияда кеңінен қолданады. Крем, сабын, тағы сол сияқты қымбат заттарға.

Ол үшін салмағы 500 граммға жеткен эмбриондардан бағаналы жасушаларды алады екен. Бұл тәжірибе Ресей, Украина және басқа да ТМД елдерінде кеңінен жайылған» — дейді қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова.
Отыз жыл тәжірбиесі бар гинеколог Ғалымжан Ғабдуллин бұрындары аборттан қалған материалдардың көздері жойылып келгенін айтады. Бірақ ол эмбрион жасушаларының медицинаға қажеттілігін де жоққа шығармай отыр.

«Эмбрионның жасушалары қажет. Бірақ оларды аса стерильді жағдайларда жинап, қолдану керек. Өйткені кейін ол адамның иммунитетін жақсарту үшін қолданылады. Әрине, мұның барлығы тек науқастың рұқсатымен ғана жүзеге асады», — дейді гинеколог Ғалымжан Ғабдуллин.
Түсіктен қалған биоматериалдар туралы ғаламторда да біраз ақпарат бар екен. Онда эмбрион жасушаларын жасартатын кремдерге, сабындарға қосатыны жазылған. Ал кей елдерде тіпті тағам ретінде қолданады екен.

«Бұрындары бағаналы жасуша адамды жасарту мақсатында қолданылатын. Ол батыстағы Голливудтан басталған. Әйелдер өздеріне эмбриондарды сіңіру арқылы терілерін тартып, барынша жас көрінуге талпынатын. Сондықтан, бағаналы жасушалардың пайдалы екенін жасыра алмаймыз. Оны эмбрионның жасушаларынан алады. Әрине, барлығы тек келісім арқылы заңды болса ғана» — гинеколог Ғалымжан Ғабдуллин.
Енді бұл мәселе ушығар болса, ақшаның соңына түсіп, түсік жасататын қыздар мен оған итермелейтін заңсыз топтар көбейіп кетпесіне ешкім кепілдік бере алмайды.

Бүгін, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?
16 тамыз, 13:26
"Бой түзейтіндер мен ой түзейтіндер бұққан заман"
13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар