jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ашынған аналар «Алтын алқаларын» әкімдікке қайтарып берді

19 қараша 2018, 11:06
439

Ашынған аналар "Алтын алқаларын" әкімдікке қайтарып берді

Алтын алқадан бас тартамыз! Талдықорғанда 10-ға жуық көпбалалы ана президент берген награданы қала әкіміне табыстады. 15 жыл бойы үйге қол жеткізе алмай жүрген жұрт баспана кезегі алға жылжымай қойғанын айтады.

Себебі әкімдіктегілер кезекті қолмен түзеп, қалаған адамды бұл тізімнен алып тастайды дейді. Бұған шешеуніктер не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

“Болдым мен! Шын, міне, өздеріңіз тағыңыздар мен алмаймын! Мен бас тартам, кері қайтарам деп жазам”, – дейді алтын алқа иегері.

Алтын алқадан бас тартып, награданы Талдықорған әкіміне табыстап жатқан жалғыз Айнагүл Тоқпанбетова ғана емес. Баспанаға қолы жетпей жүрген 10-ға жуық көпбалалы ана президент берген награданы қала басшысына қайтарып беруді ұйғарған екен. Оған 15 жылдан бері алға жылжымаған кезек мәселесі себеп болған.

Құжаттағы кезек нөмірі қолмен түзетілгені көрініп тұр. Шағым айтқандардың сөзінше, мұны әкімдіктегі жауапты маманның бірі жасаған. Алайда, дәлел жеткіліксіз болған соң, құзырлы мекеме өкілдері әрекетсіз отыр, дейді.

Ашуға булыққандарға су беріп, сабырға шақыруға тырысқан әкімнің жүйкесі сыр берді ме, соңында, өзі де айғайға басты.

“Сізге сөйлеп тұрған жоқпын ғой. Мен мына кісіге сөйлеп тұрмын ғой. Қазір сізге де оқып берем, сіздің де фамилияны оқып беремін, тыңдасаңыздаршы!” – дейді Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев.

Ашуы тарқаған соң, қала басшысы аталған проблеманы өз бақылауына алатынын айтып сендірді. Алайда, мұндай уәдеге кезекті рет куә болдық деген “алтын алқа” иелері облыс әкімі Амандық Баталовқа да кірмек болды. Бірақ, бұл әрекетінен де нәтиже шықпады. Белгілі болғандай өңір басшысы кезекті іс сапарда екен.

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!