jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Елбасы Петропавл қаласына келді

09 қараша 2018, 12:51
52

Елбасы  Петропавл қаласына келді
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына қатысу үшін Петропавл қаласына келді.

 ҚазАқпарат хабарлағандай,  Елбасы шаһардағы жаңа Оқушылар сарайы мен Киров атындағы зауыттың жұмысымен танысады. Солтүстік Қазақстан облысына РФ Президенті Владимир Путин бастаған делегация да сапарлайтыны күтілуде. Мемлекет басшылары алдымен форум қарсаңында ашылған «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері» атты көрмемен танысуға барады. Сонымен қатар, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ басшысы Владимир Путиннің қатысуымен өтетін пленарлық отырыста екі елдің туризмін дамыту мәселелері талқыланбақ. Форум аясында Қазақстан мен Ресейдің ведомство өкілдері, облыс басшылары туристік саланың әлеуеті жөнінде таныстырылымдар өткізеді. Осыдан кейін қол жеткізілген уағдаластықтар бойынша екіжақты бірқатар құжаттарға қол қойылатыны жоспарланған. Бұдан бұрын хабарланғандай, Солтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен тенденциялары» атты туристік көрме өз жұмысын бастады. Көрмеге Қазақстанның барлық өңірлері, төрт ұйым, төрт туроператор, бір ұлттық компания қатысып жатыр. Мұнымен қоса, Ресейдің 11 аймағы, 3 туроператоры өздерінің өнімдері мен туристік нысандарын таныстыруда. Шара барысында бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Көрмеге Қазақстан мен Ресейден 200-ге жуық журналист келді.

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!