jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жарияланбаған жазбалар немесе Сирия соғысының астарында не бар?

26 қазан 2018, 17:23
724

Жарияланбаған жазбалар немесе Сирия соғысының астарында не бар?

«Жас қазақ» ұлттық апталық басылымының оқырмандары, газетімізде осыған дейін де бейбіт өмірді Сириядағы соғысқа айырбастауды көздеп, ай мен күннің аманында адасқан азаматтардың өмірінен ойсаларлық мақалалар жарияланған еді. Содан бері газет оқырмандарының редакцияға хабарласуы жиілеп, күрделі мәселені жастарға түсіндіруді сұраған өтініштері көбейді. Осыған орай, біз «Жас қазақтың» келесі санында аяғын шалыс баса жаздаған оралдық жігіттің өмірінен сыр шертетін сұхбатты жұрт назарына ұсынбақшымыз.

– Мен Петропавлдың түрмесінде болдым. Онда Сириядан оралып, сотталған жігіттер болды. Олар Сирияға жеткен күннен бастап қазақтарды бөліп тастайтынын айтты. Әйел-баласын көрмейді. ДАИШ-тың жендеттері өздері соғыспайды. Жан-жақтан халифат деп алданып барған еркектерді соғысқа салып, «Өлсін, кері келмесін» дейтін көрінеді. Жесір қалған әйелдерді өздері пайдаланады екен… Отбасын апару – мүлде қате. Бір өкініштісі, қазақтың әйелдері мен балалары елге қайта алмай, сол жақта қор болып жүр. Әкесінің діни білімсіздігінен күнәсіз балалар зардап шегіп жатыр. Сирияға бару дұрыс емес, тек соны қазақтарға қалай түсіндіру керек, бұл енді үлкен мәселе. Бұл туралы толығырақ газетімізден оқи аласыздар.

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...