jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік

28 қыркүйек 2018, 12:14
258

Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік

Рахмон УЛЬМАСОВ, Ресей-Тәжікстан славян университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы:
Саммит өтеді деп еліміз ерекше дайындалып жатқан кезде менің есіме кеңес дәуіріндегі Тәжікстан түсті. Жетпіс жыл кеңес одағының құрамында болғанда біздің елімізге шетелден бір ғана делегация атбасын бұрған. Оның өзінде ирандықтар саятшылық құрып келді. Ал қазір түрлі мемлекет басшыларының ресми сапармен келгені біз үшін мәртебе. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстан мен Тәжікстанның қарым қатынасына ешқашан сызат түскен емес. Сенімді серіктесіміздің бірегейі. Оның үстіне мен ғалым ретінде түрлі жаһандық тақырыптарды талқылайтын Астана клубының мүшесімін.
Душанбеде өтетін ТМД елдері басшыларының кезекті жиынынан маңызды шешімдер күтеміз. Әрине, ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік, терроризммен күрес, бұдан бөлек осы кеңістіктегі мемлекеттердің экономикалық ахуалы күн тәртібінде тұрған дүние. Тағы бір толғандыратын тақырып көші қон жағдайы. Ел жұрт бар жерде көші қон мәселесі қашанда маңызды. Қазір әлемде де бір елден екінші жерге көшіп қонып жатқан халық. Бірі жақсы өмір іздейді, енді бірі бас сауғалап, жанбағу үшін қоныс аударып жатады. Оны тежеу мүмкін емес. Бірақ реттеуге болады. Саммитте 15 құжатқа қол қойылады деп жатыр ғой, мен айтқан мәселелердің назардан тыс қалмайтынына сенімдімі.

Бейсен Нарынбек 

13 қыркүйек, 14:10
Қармақ емес, балық сұрайды
13 қыркүйек, 11:19
Мәдениетіміздің өлшемі (видео)
06 қыркүйек, 12:40
Ең бастысы – қоғамда әділдік орнату
06 қыркүйек, 12:14
Абайтанушы ғалым эстафетаны жалғады (видео)
26 тамыз, 15:22
Қайсар қыз, Әнел!
23 тамыз, 11:53
Мұнайшы да болып көрдік
22 тамыз, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?
16 тамыз, 13:26
"Бой түзейтіндер мен ой түзейтіндер бұққан заман"