jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Уланып қаза тапқан 3 жасар қыз: аспаздардан стафилококк таяқшасы табылды

18 қыркүйек 2018, 16:31
170

Уланып қаза тапқан 3 жасар қыз: аспаздардан стафилококк таяқшасы табылды

Шымкентте уланып қайтыс болған 3 жасар қыздың өліміне қатысты алғашқы тексеру қортындысы шықты. Бұл туралы облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент басшысының сөзінше, қайтыс болған бүлдіршін мен анасы тамақтанған «Адана» дәмханасы мен үйлеріне тапсырыспен алдырған сушиге қатысты сараптама қорытындысы шыққан. Оған сәйкес, дәмханадағы тамақтардан зиянды таяқшалар табылмаған. «Алайда, сонда жұмыс істейтін 15 қызметкердің бесеуінен стафилакокк таяқшалары табылды. Олардың қатарында 2 аспаз, 1 аспаз көмекшісі, 1 ыдыс жуушы және кондитер бар. Ал, сушиді тексеру кезінде сынамалардан өткір ішек ауруының таяқшалары шыққан. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасын әлі тексеріп жатырмыз. Тексеру шаралары 13-21 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Әзірге тәуелсіз сарапшы мен реаниматолог-инфекционист тартып отырмыз. Олардың қорытындылары мен талдау сараптамаларын тексеру қорытындысына қосамыз»,- дейді Нұрбек Нышанов. Департамент басшысы, сондай-ақ, ауруханаға жатқызылған анасы мен қызының асқазан шайындысынан протеин микробы табылғанын айтады. Қазіргі таңда «Адана» дәмханасының қожайыны мен сушиді дайындаған кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынған. Оларға қатысты тексеру қорытындылары құқық қорғау органдарына жолданып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйек күні астан уланған 3 жасар бүлдіршін мен анасы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен болатын. Қабылдау бөліміндегі дәрігерлер баланың жағдайы орташа деңгейде екенін анықтаған. Алайда, бүлдіршіннің әжесі оны ауруханаға жатқызудан бас тартады. Анасы дәрігерлердің бақылауына алынған. Дәл сол күні түс ауа науқас баланы әжесі қайта әкеліп, жатқызған. Дегенмен бүлдіршінді құтқару мүмкін болмады. Кейіннен олардың қаладағы «Адана» дәмханасында тамақтанғаны және үйлеріне сушиге тапсырыс беріп, оны жегені анықталды. Қазіргі таңда Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ОҚО бойынша департаменті тарапынан аталған жағдайға қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...