jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматы облысында көлік ұрлаған бойжеткен ұсталды

13 қыркүйек 2018, 14:24
164

Алматы облысында көлік ұрлаған бойжеткен ұсталды

Алматы облысында соңғы тәулікте өзгенің көлігін айдап кеткен үш күдікті ұсталды. Ұрланған автокөліктер иелеріне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған екі факті Қарасай ауданында, енді бірі Панфилов ауданында тіркелген. «Қарасайдағы Береке және Еңбекші ауылдарынан «Фольксваген поло» және «Мазда-626» көліктері, ал Панфилов ауданындағы Шолақай ауылынан «ВАЗ-2107» маркалы машинаны айдап кеткен. Тәртіп сақшылардың жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде автокөліктер мен оны айдап кеткен күдіктілер ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді», — делінген ведомствоның таратқан ақпаратында. Іс материалына сәйкес, күдіктінің екеуі 29 және 45 жастағы азаматтар, енді бірі — жас қыз. Сондай-ақ, полиция өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері ұрланған 150 көлік иелеріне қайтарылып, 127 адам жауапкершілікке тартылған.

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...