jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды (видео)

12 қыркүйек 2018, 17:12
345

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды (видео)

Алматы облысында Облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының басшылығымен құрылған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы брифинг барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері әшкерелегені айтылады. «Ол өзінің қылмыстық әрекетіне қоластындағы төрт адамды қосқан — инспекциядағы жетекші мамандар. Сондай-ақ, бұл топқа көліктік инспекцияның төрт қызметкері кірген. Барлығы 9 адам болған, олардың ішінде Көліктің бақылау инспекциясы басшының орынбасары бар», — деп хабарлады Жанна Бастарова. Бастарованың айтуша, қылмыстық топ мүшелері көлік компанияларынан олардың Алматы және Алматы облысындағы магистраль жолдарда жүк тасымалдау кезінде жасаған заңбұзушылықтары үшін әкімшілік жаза тағайындамау үшін жүйелі түрде пара алып отырған. «Қылмыстық топтың ай сайынғы табысы шамамен 6 миллион теңге болды. Күдіктілер ұсталып, изоляторға қамалды», — деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі.

19 шiлде, 12:02
Ажал шақыратын арал
18 шiлде, 11:40
Қажытайдың атбегілігі қандай еді?
12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!