jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Мешіт пен аквапарктің арасын бір ғана жол бөліп тұр

11 шiлде 2018, 12:15
81

Мешіт пен аквапарктің   арасын  бір ғана жол бөліп тұр

Ақтөбедегі «Нұр ғасыр» мешітінің дәл қарсы бетінде ашылған аквапарк көпшіліктің наразылығын тудыра бастады.
caravan.kz   хабарлағандай, тұрғындар азан шақырылып, құлшылық жасалатын Алланың үйінің қасына ашық-шашық жүретін демалыс орнын салдыртқан жергілікті биліктің әрекетін түсінбейміз дейді. Ал мешіт пен аквапарктің арасы шамамен 500 метр. Екеуін тек жол ғана бөліп тұр.
СЕРҒАЗЫ МҰСТАФИН, тұрғын:
– Бұл Алланың үйі ғой. Алланың үйіне қарама — қарсы тырдай жалаңаштану ол заңға да сәйкес емес, шариғатқа да жатпайды. Мешітте намаз оқылады, азан шақырылады. Ал ана жақта жалаңаштанып, ол дұрыс емес. Мен бұған ренжимін. Келіспеймін.
Тұрғындарды шулатқан аквапарк Астананың 20 жылдық мерекесіне тарту ретінде ашылған болатын. Шамамен бір жылдай салынған кешеннің құрылысы жартылай ғана біткен. Келесі жылы ғана толықтай аяқталмақ. Жобаға алты миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Ал бұған дейін мұндай аквапарк Ақтөбеде болмаған деген билік кешенді Қызылорда мен Ақтауда дәл осындай аквапарк салған құрылтайшыларға ұсыныс беріп салдырттық деп отыр. Тұрғындардың кейбірі де «онда тұрған ештеңе жоқ» деп отыр.

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!