jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

22 жастағы жігіт өзін ауылдас азаматтардың зорлағанын айтты

11 шiлде 2018, 14:27
2995

22 жастағы жігіт өзін ауылдас азаматтардың зорлағанын айтты

Түркістан облысы Абай ауылының тағы бір тұрғыны зорлық ісіне қатысты шағымын айтты. Ол өзін ауылдас жігіттердің зорлағанын айтып, көмек сұрады.

Есімін жасырған азамат 22 жаста. Ол ауылдас жігіттердің өзін зорлағанын айтады. Алайда сотқа арызданғанымен іс жабылып қалалады деп отыр, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Айтуынша, 6 жылдан бері өзінің зорланғанын дәлелдей алмай жүр. Емханаға тексерілгенде жыныстық қатынас арқылы ауру жұқтырғанын білген. Тексеру кезінде күдіктілердің де сол ауру табылған.

Жәбірленуші күдіктілердің лауазымды қызметте істейтін ағаларының арқасында сотта жауап бермей жүргенін айтады.

“Таныс азаматтар болған соң олардың еш күдіктенбей бірге дастарханда отырдық. Олар мені зорлап, видеоға түсіргендерін айтты. Тіпті біреуге айтсаң, ғаламторға жариялаймыз деп қорқытты. Олардың туыстары органда істейді, депутат ағасы да бар. Лауазымда қызмет ететін Сәкен есімді ағасын жұмыстан алды. Басқа жаза қолданған жоқ. Туыстары әкеме келіп айқайлап, мен тұрғанда оларды қамата алмайсыңдар деп қорқытты”, – дейді жәбірленуші жігіт.

Ал, заңгер Джохар Өтебаев бұл іске қатысты қандай да бір мәлімет айту ерте екенін айтады. Ал, күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!