jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ай мен Күн

18 тамыз 2017, 15:20
572

Ай мен Күн

Миһримаһ, яғни Миһру Маһ парсы тілінен «Күн мен ай» деген мағына береді. Һас сұлудан дәмелінің бірі – Түркияның Диярбакыр өңірінің әкімі Рүстем паша болса, екіншісі атақты сәулетші Синан еді.

Ай мен Күн

Сұлтан Сүлейман қызы Миһримаһты Рүстем пашаға ұзатады. Синан болса үйленген, жасы елуді еңсеріп қалса да, Миһримаһ сұлтанға ессіз ғашық. Шын ғашығына қосыла алмаса да, оған деген сезімін сәулетшінің туындыларынан анық байқауға болады. Патшаның қолдауымен Үскідарда 1540 жылы Миһримаһ сұлтан мешітінің құрылысын бастап, 1548 жылы аяқтайды. Құрылыс барысында мешіттің бір жақтауына «етегі жер сызған әйел бейнесін» салады.

Ай мен Күн

Едірнекапыдағы екінші мешітті ешкім аяқ баспайтын жерге тұрғызады. Мешіт кіші болғанымен, мұнарасы 38 метрге жетеді. Күмбез жақтауында орналасқан 161 терезеден түскен жарық мешіттің ішін самаладай жағады. Мұнараның шетіндегі бейне тамашалаған адамға Миһримаһ сұлтанның тобығына дейін төгілген шашын елестетеді. Бұл екі туынды шынайы махаббатқа қойылған ескерткіштей.

Ғажайыпқа куә болғыңыз келсе, ең алдымен Едірнекапы мен Үскідардағы мешіттердің екеуі анық көрінетін жерді белгілеңіз. Күн мен түн теңелетін 21 наурыз күні барыңыз! Сонымен қатар 21 наурыз Миһримаһ сұлтанның туған күні. Едірнекапыдағы мешіттің мұнарасының артқы тұсынан қызарып күн батқан кезде, Үскідардағы мешіттің тұсынан ай туып келе жатады.

Әбдіманап КЕҢЕС

09 шiлде, 12:00
Қиналғанда қасыңда тіреу болған ағайын
02 шiлде, 11:43
Бір мая шөп – көпке үлгі
02 шiлде, 11:31
Екпе алудың пайдасын халыққа сауатты түрде түсіндіру қажет
02 шiлде, 11:27
Журналист мәртебесін көтереміз!
25 маусым, 12:34
Бесігімізді түзеуде неден сүріндік?
25 маусым, 12:32
Руға тартсақ, ескерткіш те, саябақ та болмайды
25 маусым, 12:27
Жер асты суын пайдалан, жұтамайсың
25 маусым, 12:24
Жаздың жұты жанға батады