jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Айдос Сарым: Атамбаевқа бұл абырой әкелмейді

21 шiлде 2017, 15:43
325

Айдос Сарым: Атамбаевқа бұл абырой әкелмейді
Күні кеше Қырғызстан президенті латын әліпбиіне көшуге қарсылық білдірді. Қырғыз басшысының бұл ойы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсуде. Осыған қатысты біз белгілі саясаттанушы Айдос Сарымның ойын білген едік.

Саясаттанушының айтуынша, Алмазбек Атамбаевтың сөзіне аса мән берудің қажеті жоқ. А.Сарым «Ол саяси тұғырдан кетіп жатқан адам. Ондайларды саясатта «Ақсақ үйрек» деп айтады. Оның үстіне А.Атамбаев тым ресейшіл саясаткер. Менің ойымша, ол кейде не сөйлегенін өзі түсінбейтін сияқты»,-дейді. Оның сөзіне сүйенсек, қырғыз елінің президенті екі сөйлейді. Яғни біздің елге келгенде айтқанын, Қырғызстанға барғанда басқаша жеткізеді. Бұл саясатекерге абырой әкелмейді.

Болашағын ойлаған үлкен саясаткер өзімен көршілес тұрған елдің және оның басшылығына тіл тигізбеуге тырысады. Сондай артық сөздің кесірінен қырғыздың қазаққа деген көзқарасы әлі күнге жақсы емес. Саясаттанушы оны «күндестік» деп бағалады. Ал біздің саяси тұлғалар мен ақындарымыз қырғыз халқын жамандап жүрген жоқ. Керісінше әрдайым оларға деген сый-құрметі ерекше.

jasqazaq.kz

03 желтоқсан, 13:02
Жеткіншектер жеңіспен оралды
03 желтоқсан, 12:56
Даланың баласы, Таудың жиені болып өстім
03 желтоқсан, 12:49
Құсбегілік – табыс көзі емес, ұлттық өнер!
03 желтоқсан, 12:38
Ғаламаттың ғажап күйі
19 қараша, 11:32
Таскөмірдің жыры
19 қараша, 11:29
Көмір. Алыпсатардың араны ашылған кез
12 қараша, 14:19
Вирус не жұғады, не жұқпайды
12 қараша, 14:14
Саны көп субсидияны қысқартпай, іс оңға баспайды