jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Министр: Киіктерді 24 сағат күзетеміз

25 мамыр 2017, 12:04
445

Министр: Киіктерді 24 сағат күзетеміз

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов киіктерді қорғауға қатысты атқарылып жатқан шаруаларды сұраған Сенат депутаты Ерболат Мұқаевқа берген жауабында айтты.

Парламент Сенатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды, деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.
«Киіктердің жаппай қырылуы орын алғаннан кейін, біз киіктерді қорғау тәсілін қайта қарадық. Биылғы жылғы санақ сәуір айында өткендіктен қорытындылары әлі шыққан жоқ. Алынған мәліметтер өңделуде. Өткен жылғы санақтың қорытындысы бойынша бүгінгі таңда 108 мыңнан астам киіктің саны бар. Оның басым көпшілігі – оралдық популияция, Бетбақдала популияциясы. Үстірттік популияциялар саны әлдеқайда азайған. Осы сандардың азайюына байланысты, киіктердің бүгінгі таңда шағын топтарға бөлініп кетуіне байланысты қорғау тәсілдері қайта қаралды. «Охотзопромда» бүгінгі таңда 200-ден астам инспектор жұмыс істейтін болса, соның 160-қа жуығын киіктерді қорғауға тартып отырмыз. 70-тен астам техника, бір тікұшақ бар. Үш популияцияда қай жерде қанша киік бар, қанша топ бар деп графигін қайта қарап, бекітіп отырмыз. Екі апталық вахталық методпен 24 сағат бойы киіктерді күзету жолға қойылған» — деді министр.

05 наурыз, 14:30
Сенімді серіктестік жалғасады
05 наурыз, 14:19
Бақытымды сағынамын...
04 наурыз, 16:13
Халықтың жадында сақталуы тиіс
02 наурыз, 12:50
Кітапқұмар мен ойынқұмар
19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші