jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Ерлік тағылымы» атты жалпы республикалық акция өтеді

03 мамыр 2017, 16:16
354

«Ерлік тағылымы» атты жалпы республикалық акция өтеді

Көкшетау қаласында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерейтойына арналған шаралар жалғасуда.

«Отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру» басты назарда. Осыған орай, ертең  Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы еліміздің Президенті әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбековтің Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнін атап өтуге байланысты ұсынысына сәйкес «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу қоғамдық қоры мен Ақмола облысының прокуратурасы, Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Ақмола облысы білім басқармасы мен бірлесіп, ағымдағы жылдың 4 мамыр күні «Ерлік тағылымы – урок мужества» атты жалпы республикалық акциясын жалпы білім беретін мектептер мен арнаулы–  орта оқу орындарының арасында өткізуді жоспарлап отыр.
Іс-шараға Ақмола облысының прокуратурасы, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Ақмола облысы білім басқармасы мен  Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлерінің одағы  қоғамдық бірлестігі,  Көкшетау техникалық институтының курсантарының қатысуымен қару-жарақты жинау көрінісі жоспарланған.  Сонымен қатар  ҮЕҰ және БАҚ  өкілдері  қатысады. Осы орайда аталған іс-шараны Көкшетау қаласындағы №1 құрылыс-техникалық колледжінің қабырғасында өткізу жоспарланғаны туралы хабарлап, қатысуға шақырамыз.

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...