jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Мәссаған! Әншілер қай жылы Тәуелсіздік алғанымызды білмейді! (видео)

14 наурыз 2017, 15:51
652

 

Мәссаған! Әншілер қай жылы Тәуелсіздік алғанымызды білмейді! (видео)Тарихын білмегеннің болашағы бұлыңғыр. Ендеше жұлдыздардың болашағы – «қара түнек» шығар. Себебі, олар Қазақстан Республикасының қай жылы тәуелсіздік алғанын айта алмады.

Алғашқылардың бірі болып бұл сұраққа Өмірқұл Айниязов мырза жауап бермек болды. Десе де, оның бұл ойы еш нәтиже бермеді. Әнші жұмған аузын ашпады.

Жазира Байырбекова:

Тәуелсіздігімізді желтоқсанның 16-сы күні алғанымызды білемін. Білуімше, 1986 жылы. Ал ресми түрде… Мен ол жағынан білімді емеспін. Бағанадан бері айтып тұрмын ғой.

Серікбол Сайлаубек:

Тәуелсіздігімізді 25-ші… Білмеймін. Мен ол кезде бала болғанмын.

Жеңіс Ысқақова:

Мектеп баласына арналған сұрағыңды маған қоймашы. 16 желтоқсанда мұрнымнан суым ағып, егеменді ел болуымыз керек деп, әкем-атаммен қосылып Шәмші Қалдаяқовтың «Қазақстаным» әнін айтып жүргенмін. Ол уақытта 19-20 жастағы қыз едім. 1986 жылы көтеріліске шықтық. Адам тоңып тұрған кезде қайдағы жоқ сұрақтарды қоясыңдар… Қайдағы жоқ сұрақ емес. Әрине, біз мұны білуіміз керек.

Марат Омаров:

Елтаңбаның авторы – Шоқан Уәлиханов. Жоқ, Уәлихан Уәлиханов. Қазір дұрысын айтамын… Кешіріңіздер!

baq.kz

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы