jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ақтөбелік лаңкестер: Не істеп, не қойғанымызды өзіміз де білмейміз (видео)

25 ақпан 2017, 13:52
577

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы өткен жылы жазда Ақтөбеде болған лаңкестік шабуылға қатысып, өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар туралы «Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ» атты бейнероликті жарыққа шығарды. Бейнеролик шығарудағы мақсат — экстремизм мен терроризмнің алдын алу, еліміздегі азаматтарға дәстүрлі дінді насихаттау…

Ақтөбелік лаңкестер: Не істеп, не қойғанымызды өзіміз де білмейміз (видео)
Ғаламторға салынған жаңа видеоның астында осылай деп жазылған, деп хабарлайды Caravan.kz.

Бейнероликте лаңкестер өз істеріне өкініш білдіреді.

«Істегеніміз — өмірдегі ең үлкен қателік. Бұның қалай болғанын өзім де білмеймін. Алла куә ғой. Бірақ лаңкестік болған кездегі кейбір жерлерде есімді білмеймін. Ұйқылы-ояу сияқты күй кештім. Бастысы, білім алу керек екен. Бұл білімсіздіктен болды. Біреудің айтқанымен жүріппін» дейді жазасын өтеуші Әлібек Ақпанбетов.

Сондай-ақ, бейнероликте сөйлеген лаңкестер бұл ісі үшін әке-шешесінен ұялатынын айтқан. «Қазір оның (анасын айтады — ред.) жасы 50-ден асты… Ол мені 28 жасқа дейін асырады, орта білім берді. Жоғары білімді аяқтамадым. Мен үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Соның қайтарымын жасауым керек еді. Қазір, әрине, ұялып отырмын. Ата-ананы бағалап, оларға қамқор болу керек» дейді жазасын өтеуші Асхат Рахметов.

 

 

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!