jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жамбыл Ахметбеков: Бұл инвестиция қамы

13 ақпан 2017, 11:45
301

Жамбыл Ахметбеков: Бұл инвестиция қамы

Қазақ қоғамында қызу талқыланған Конституцияның 26-бабына өзгеріс енгізу туралы мәселеге Парламент Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков түсінік беріп өтті.
«Біздің ең басты мақсатымыз – экономикамызды шетелдік инвестицияны тарту арқылы жаңғырту. Демек, шетелдіктер тарапынан қандай да өндіріс нысандары салынатын болса, ол біздің территориямызда жұмыс істеп, ел экономикасына қызмет атқарады» деген депутат, Констиуцияның 26-бабында сол шетелдік компаниялардың өндіріске араласуы кезінде алған нысандарының, техникасының, үйінің ішіндегі дүние мүлкінің толықтай қорғалатындығы айтылып отырғанын атап өтті.
«Бірақ, ауыл шаруашылығы жерлері бұған жатпайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдалануға ғана беріледі. Одан шыққан өнім қоғамға бірдей қызмет етуі керек. Жер кодексінде «шетелдіктерге жер мүлде сатылмайды және берілмейді» деп айқын жазылған. Тіпті, ол кодекстің кей баптарына Президент Жарлығымен мораторийдің де жарияланғаны белгілі.
Констиуцияның 26-бабы мүлікке байланысты мәселені қозғап отыр. Оған үй, құнды облигациялар, транспорт, өндірістік нысандар кіреді. Бұған дейін «Қазақстан азаматы» деп жазылып келген сөзді «әркім» деп қайта редакциялау туралы ұсыныс, елімізде инвестиция көлемінің ұлғаюына байланысты туындап отыр. Яғни, біз шетелден келген инвесторлардың мүлкіне, техникасына кепілдік беруіміз керек» деп атап өтті Жамбыл Ахметбеков.

Әли БЕК

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы