jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Димаш Жеки Чанға қазақтың шапанын жапты

06 ақпан 2017, 21:47
363

Димаш Жеки Чанға қазақтың шапанын жапты

Қытайдың ән байқауында бағын сынап жүрген жас әнші Димаш Құдайбергенов әйгілі актер Джеки Чанмен кездесті, – деп хабарлайды Baq.kz. Бұл туралы отандасымыз инстаграмдағы жеке парақшасында жазды.

Кездесу туралы ұсынысты атақты актер Джеки Чанның өзі бірінші болып жасаған екен. Теледидардан жас таланттың өнеріне тәнті болған киножұлдыз онымен арнайы жүздесіп, естелікке сыйлық тарту етті. Отандасымыз өзіне құрмет көрсетіп, ағалық кеңесін айтқан актерге шапан жауып, қазақтың қара домбырасын сыйға тартты.

«Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның «Әлқисасынан» шашу шаштым! Өз кезегінде актер маған соңғы «Kung Fu Yoga» кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті. Бала кезімнен бері келе жатқан сүйікті актерім маған өз ақыл кеңестерін беріп, шығармашылығымды бақылайтынын айтты. Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!..», –  жазған жас әнші Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...