jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

 Универсиада: Апталық қысқаша қорытынды

04 ақпан 2017, 13:16
598

 Универсиада: Апталық қысқаша қорытынды            

Оңтүстік астанамыз Алматыда студенттер арасында қысқы Универсиада 29-қаңтар күні «Алматы Аренада» ашылу салтанатымен басталған болатын. Әлемнің 54 мемлекетінен келген жас спортшылар спорттың 12 түрінен бақ сынауда. Алғашқы аптамыздан қысқаша статистикалық қорытынды.

 

БИАТЛОН. 31-қаңтар күні 16 мемлекет арасынан 100 спортшылар өз елдерін намысын қорғап, алтын үшін талас-тартыстарын бастады. Қоржынымызды алғаш болып әйелдерден 15 км қашықтық сайысында  Алина Раикова алтын алып бастап берсе, дәл осы осы сайысымызды Галина Вишенская күміспен жалғасын тауып, қола медальін украин қызы Надежда Белкина иемденді.

2- қаңтарда Галина Вишенская 7.5 км спринт сайысында алтын медаль алып, Универсиадада екінші медальін алды.

3-қаңтар күні қазақ жанкүйерлеріне медаль нәсіп болмады. 2 түрлі сайыстан алты медальдің бесеуін Ресей мемлекетінің қоржынына кетсе, екі алтынның біреуін Украина биатлоншысы Надежда Белкина алды.

Келесі алтын, күміс, қола медальдарын спортшылар 5-қаңтар күні аралас эстафета сайысында сарапқа салатын болады.

ТАУ ШАҢҒЫ СПОРТЫ. 30-қаңтар күні басталған бұл спорт түрінен алғашқы күніміз сәтсіз болғандай. Ерлер арасынан ел намысын қорғап сайысқа түскен Мартин Хубер 12-орында тұрақтады. Алтын медальді италияндық Тентори Микеланджело алса, күміс және қола медальдарымен Ресей спортшылары: Евгений Пясик және Симон Ефимов марапатталды.

Әйелдер арасынан да алғашқы үштіктен еліміздің туы желбіремеді. Екатерина Карпова 28-ші болса, ал Мария Григорьевна 29-ші орында бір саты төмен тұрақтады. Топты жарып шыққан, ресейлік Елена Яковишина болса, екінші көрсеткіш көрсетіп, күміс медальін финляндиялық Неа Лукко жеңіп шығып, қола медаль Аса Андомен Жапония қоржынын толтырды.

1-ші және 3-ші ақпан күндері медальдар тартысқа салынса да, әлі де алдыңғы орындардар көріне алмай жатқан жайымыз бар.

 Универсиада: Апталық қысқаша қорытынды

КЕРЛИНГ. 30-қаңтарда бастауын тапқан бұл сайыстан Қазақстан ұлттық құрамасы ерлер арасында да, әйелдер арасында өтіп жатқан кездесулердің барлығында ойсырата ұтылып, жеңіліс кезекпен-кезек келу үстінде. Керлингтен де деңгейіміз осал екені көрініп-ақ тұр.              

Әйелдер арасында:

30.01.2017. Қазақстан-Германия 2:13

30.01.2017. Қазақстан-Великобритания 4:10

31.01.2017. Қазақстан-Қытай 0:10

01.02.2017. Қазақстан-Норвегия 4:10

01.02.2017. Қазақстан-Ресей 1:14

02.02.2017. Қазақстан-Корея 2:14

03.02.2017. Қазақстан-Канада 2:13

03.02.2017. Қазақстан-Швейцария 3:8

Ерлер арасында:

30.01.2017. Қазақстан-Канада 1:7

31.01.2017. Қазақстан-Швеция 1:8

31.01.2017. Қазақстан-Чехия 2:10

01.02.2017. Қазақстан-Жапония 3:7

02.02.2017. Қазақстан-Великобритания 1:10

02.02.2017. Қазақстан-Корея 2:13

03.02.2017. Қазақстан-Норвегия 0:8

 

 Универсиада: Апталық қысқаша қорытынды

КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ СПОРТЫ. 31-қаңтарда әйелдер арасында алғаш болып Екатерина Айдова қола медальімен қоржынымызды толтырды. Ал ерлеріміз алғашқы күні марапаттау рәсімінен табылмады. Келесі күні, 3000 метрлік дистанциясында әйелдер арасында Татьяна Климчук қола алуына сәл қалып, бірақ, 5-ші көрсеткіш көрсетіп, медальсыз қалды. Сол күні ерлеріміз Корея және Жапонияға 500 метрлік дистанцияда жол беріп, медальсіз қалды. 2-қаңтарда да медальмен спортшыларымыз мәз қылмады. Әйелдер арасынан Екатерина Айдова 4-көрсеткішті көрсетсе, ал ерлер арасынан Федор Мезенцев 11-орында табан тіреді. 3-қаңтарда да әйелдер 5000 метр дистанция бойынша қатысса, ал ерлер 1000 метрлік сайысқа қатысты. Бірақ, екеуінен де алтын, күміс, қола ала алмадық.

 

ШАҢҒЫ ҚОС САЙЫСЫ. Әзірше бұл спорт түрінен медаль алынбады. Алғашқы қатарда Ресей, Польша, Германия, Корея спортшылары көрінуде. Қазақстан құрамасынан Чингиз Ракпаров 13-орында қалып қойды.

ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ. 30-қаңтарда басталған бұл сайыста алғаш қола медальді Анна Шевченко алды. Келесі күні Анна Шевченко екінші рет қола медальді иемденді.2-қаңтарда әйелдер арасында классикалық спринт финалынды Анна Стоян 3-орынды алса, Иван Люфт ерлерден топ жарып, екі орыс қонақтарын артқа тастап, алтын алды.

 Универсиада: Апталық қысқаша қорытынды

ТРАМПЛИННЕН СЕКІРУ. Қазақстан намысын ДаянаАхметалиева қорғау үстінде, бірақ әзірге сәтсіз болуда. Бірінші және екінші орынды жапондықтар жеңіп шықты, ал қола медаль Чехия қоржынына кетті. Ерлер арасында: Сабыржан Муминов, Сергей Ткаченко, Роман Ногин, Акрам Адилов қатысуда. Бірақ, әлі медальмен қазақ жұртын қуанта алмауда.

 

Мәнерлеп сырғанау. 2-қаңтарда әйелдер арасында: Айза Мамбекова, Жансая Адиханова, Вероника Шевелива алғашқы үштікте табылмады. Алтынды ресейлік Елена Радионова алып, күміс пен қола медальдары жапондық спортшылардың мойнына ілінді. 3-қаңтар күні Денис Тен қысқа бағдарламада үздік көрсеткішпен 1-орынға орналасты.

ФРИСТАЙЛ. 30-қаңтар күні әйелдер бәсекесінде Жібек Арапбаева күміс алып, Жанбота Алдабергенова қола иеленіп, қытайлық Чжу Иньинь, алтынды елінің қоржынына салды. Дмитрий Рейхерд могул фристайл бойынша алтынды алса, Павел Колмаков қола иеленді. Әйелдер арасында могул фристайлда Юлия Галышева алтын алып, Ресей және Австрия спортшыларын артқа тастады.3-қаңтарда қос алтын қоржынымызға қосылды. Әйелдер арасында қос могулінің финалында Юлия Галышева ресейлік Елизавета Безгодовадан басым түсіп, алтынды қоржынға салды. Дмитрий Рейхерд, ерлер арасында қос могулінің финалында Сергей Шимбуевпен алтын медальіна болған сайыста ел үмітін ақтады.

КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ СПОРТЫ. Екатерина Айдова алғашқы күні қоланы иеленді. Әзірге бұл қола осы спорт түрінен жалғыз болып тұр.

ХОККЕЙ

Хоккейден ерлер және әйелдер арасында өтетін бұл сайыстардан үмітіміз көп. Ерлеріміз плей офф кезеңін сүрінбей өтіп, финалда жеңімпаз атанып, қоржынымызға алтын қосуға мүмкіндіктері зор.

Ерлер арасында:

28.01.2017. Қазақстан-Қытай 22:0 

31.01.2017. Қазақстан-Швеция 5:0

03.02.2017. Қазақстан-Чехия 8:0

Әйелдер арасында:

28.01.2017. Қазақстан-Великобритания 11:0

30.01.2017. Қазақстан-Қытай 4:1

01.02.2017. Қазақстан-Канада 0:11

03.02.2017. Жапония-Қазақстан 4:0

 

 

Төлепберген Маликов

Сүлеймен Демирель университетінің 1-курс студенті  

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

05 наурыз, 14:30
Сенімді серіктестік жалғасады
05 наурыз, 14:19
Бақытымды сағынамын...
04 наурыз, 16:13
Халықтың жадында сақталуы тиіс
02 наурыз, 12:50
Кітапқұмар мен ойынқұмар
19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші