jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ресей елшісі қастандық салдарынан көз жұмды

19 желтоқсан 2016, 23:52
392

Ресей елшісі қастандық салдарынан көз жұмды

Анкарадағы Ресей Федерациясының Елшісі Андрей Карлов жасалған қарулы шабуылдан көз жұмды.  Шабуыл Елші фотокөрменің ашылуына қатысып жатқан кезде орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, оған оқ атылған. Hurriyet басылымының жазуынша, оқиға РФ Елшісінің құттықтау сөз сөйлеуі барысында болды. Дипломат ауыр оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Кейін Ресей жаңалықтары агенттігі дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмағандығын хабарлады. Би-Би-Си-дің жазуынша, шабуыл барысында тағы бірнеше адам жарақаттанды. Айта кетейік, соңғы уақытта Түркияда Сириядағы ресейлік саясатқа қарсы акциялар жиі өтіп тұрды.

ҚазАқпарат

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!