jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бейсенбі 12 кездесуде жеңіске жетті (видео)

19 желтоқсан 2016, 19:38
762

Бейсенбі 12 кездесуде жеңіске жетті (видео)

Қытайдың қазақтар шоғырланған өңірі Алтай аймағында тұратын қандасымыз, 22 жастағы кәсіпқой боксшы Бейсенбі Нәсиоллаұлы (10-0-1, 5КО) 12 кездесуінде қарсыласынан басым түсіп, супер жеңіл салмақ дәрежесі бойынша (WBA) Қытай чемпионы белбеуін қорғап қалды. Қытайдың Ханчжоу қаласында болған кездесуде Бейсенбі жаңазеландиялық Лэки Маканы (9-0-0, 3КО) 10 раундқа созылған айқаста айқын басымдылықпен (99:92,98:92,98:92) тізе бүктірді.

Қытайлық жанкүйерлері Головкиннің ізбасары деп «OneG» атап кеткен Бейсенбі кәсіби рингте жалпы 12 кездесу өткізіп, 11 айқаста жеңіске жеткен (5 нокаут) және біреуінде тең түскен. Ал бұл Бейсенбінің 2016 жылы өткізіп отырған 5 кездесуі, сондай ақ екінші рет Қытай чемпионы белбеуін қорғауы. «Бұл менің алғашқы рет ересектер арасындағы айқасқа шығуым, Қарсыласым әлі жеңіліп көрмеген тәжирбелі боксшы. Бұл менің екінші рет Қытай чемпионы атағын қорғауым. Енді Азия құрлығының атағына талпынатын жоспарым бар. Қазақ елінің 25 жасқа толып отырған қуанышты күнінде жеңіске жеткенімді мақтан тұтамын және бұл жеңісімді алыстағы ағайын атынан Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына арнағым келеді», — деді ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Бейсенбі бұған дейін WBC нұсқасы бойынша бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы (WBC World Youth Champion) және WBA бойынша Қытай чемпионы атанған болатын.

Бұған дейін Бейсенбінің Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның туған жері Алтайдың Қаба ауданында тағы бір Қазақ боксшысының шыққанын хабарлаған болатынбыз.

 

ҚазАқпарат

05 наурыз, 14:30
Сенімді серіктестік жалғасады
05 наурыз, 14:19
Бақытымды сағынамын...
04 наурыз, 16:13
Халықтың жадында сақталуы тиіс
02 наурыз, 12:50
Кітапқұмар мен ойынқұмар
19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші