jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бір тамшы жас

16 желтоқсан 2016, 14:14
805

«…Ұлы Отан соғысының жалынына шарпылмаған біздің елде бірде-бір семья жоқ. Соғыс қайғысы, солдаттың сағынышы, жардың мұңы, жетім- жесірдің көз жасы әрқайсымыздың басымыздан өтті». Бұл – Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының таспаға түскен дауысынан үзінді

Бір тамшы жас

Жан жаралап, жүрек сыздатқан отбасылық драманы Баукең де бастан ткеріпті. Жаужүрек қолбасшы да қамығады екен. Қарауындағы қалың әскерімен қан майданға екі жүз жеті мәрте кіріп, аман шыққан даңқты сардар жеке мірінің қалтарыс-қырларын ашып айтпағанымен, жоғарыдағыдай сзбен тұспалдап қана жеткізеді. Тегінде, «Мен де адаммын жаралған сүйек-еттен» деп зі де жырлағанындай, бұл тұрғыдағы Бауыржан мұңын тереңірек түйсінгісі келген адам оның орыс тілінде жазылған «Она» деп аталатын шағын әңгімесіне зер салғаны жн-ау. Автор бір-бірін сүйген екі адамның арасындағы аса нәзік те күрделі тартыстар сырын: «Қасірет тек топастарға ғана тән емес, йткені, олар қайғы-мұң дегеннің не екенін түсіне алмайды» деген эпиграфпен бастайды.

 

«Бәукеш! Сенен хабар ала алмай кзіміз трт болды ғой. Тым болмаса, дұспан кзі етіп, екі айда бір хат жазбағаныңа жол болсын! Күнде хатшының жолын тосумен отырамыз. Бақытыңды қолыңа алып, «Айналдым» дейтін сздеріңді екі айда бір рет есіңе түсірмедің бе?! Ол сені айтпайтын сағаты жоқ. Күннен-күнге ақылы кіріп келеді. Қазір, тіпті анық сйлейтін болды. «Мен темекі тартпаймын, орысша сйлемеймін, папам ұрсады, папам маған ойыншықтар әкеледі» дейді. Не болмаса, орындықтарды жатқызып қойып, мініп алады да, «Бекбай болдым, папаға барайықшы!» дейді. Ақылды-ақылды сздер сйлейді. «Ух, папамды сағындым ғой!» деп қояды. Маған: «Мама, жылама, папашым келеді ғой!» дейді. Ол сені шын сағынып жүр, кшеде әскерше киінген кісі крсе болды «папа ғой» деп қарап тұрады. Осындағылардың «күбір-күбірін» жазайын десем, хабарласпай қойдың ғой. Біреулерге жағып, біреулерге жақпай кеткен жайың бар. «Сол айтып кетіп еді» деп айтуға қаймығатын үлкендер де бар крінеді. Бірақ кпшілік аузында – істеп, айтып кеткендеріңе ризалықтары ғана айтылып жүр. Кп риза саған. Кп жұрт сенің хабарыңды менен сұрайды, сұраған сайын ұяламын, жамандығымнан сенен хабар ала алмай жүрген адам сияқтымын. «Иә, хабар келіп тұрады, хат алдым, телеграмма алдым» деп айтып қойдым елге. Менен басқа телеграмм, хат алған адамдар бар крінеді».

Бір тамшы жас

Бауыржан Момышұлының алғашқы зайыбы Бибіжамал Мұхамеджанова жазған осы хаттың мазмұнынан-ақ кімге, қашан және қандай жағдайда жазылғаны түсінікті болып тұр. Баукең сонау 1943 жылы майдан даласынан Алматыға демалысқа келіп, қазақ зиялыларының арасында дәріс оқып, бірталай жүріп қайтатын белгілі сапарынан кейін араға жарықшақ түскен сияқты. 8йтеуір не пәленің киліккенін кім білсін, Баукең осыдан кейін әйелімен хабарды үзіп, ұзақ уақыт тым-тырыс қалғандай. Содан Алматыға елуінші жылдардың орта тұсында бір-ақ оралады. Бұл жәйттің жай-жапсарын сол кезеңде Бибіжамал апаймен бірге жұмыс істеген қазіргі қарт сатирик, о тұста жиырма екі жасар жігіт Мыңбай Рәш жетігірек біледі:

– «Лениншіл жас» газетіне алғаш жұмысқа орналасқан сәттерім күні бүгінгідей жадымда. 1952 жыл. Машбюроға кірсем, толықша, қызыл шырайлы келген, әдемі бір келіншек отыр екен. Жұрттың бәрі «Жамал апай, Жамал апай» дейді. – «Бұл қай Жамал апай?» – «Ойбай-ау, Баукеңнің бәйбішесі!». – «А-а-а!». Содан бастап білем. Машинистка крінеді. О кезде компьютер деген түске де кірмейді. Біз – журналистер жазып келеміз де, диктовкаға отырамыз. О кісі сартылдатып басады. Керемет маман. Бір қате жібермейтін. 8дебиет, тарих жағынан да білімдар кісі, қайта, жұмыс үстінде біздің қатемізді кәнігі редактордай жндеп жіберіп отыратын. Кәкімжан Қазыбаев, Сапар Байжанов, 8білфайыз Ыдырысов, Нығмет Ғабдуллин тағы басқалары бар, бірге істедік. Адами қасиеті ғажап Жәмкең бәрімізге қамқор еді-ау! Dте кеңпейіл жан. Содан қызық болды арада бірталай ткенде. Жәкең ерекше жарқылдап, айрықша бір қуаныш құшағына бленіп, нұрланып келді жұмысқа. Сүйтсек, Бауыржан Момышұлы отставкаға шығып келе жатыр екен.

«Ойбай, біз де барамыз!» деп ре ктеріліп, Баукеңді перроннан қарақұрым халық, тіпті бүкіл Алматы болып қарсы алдық десе, шындық енді. Со кездегі Калинин мен Фурманов кшесінің мүйісіндегі үйіне дейін еріп келдік. Қазір жасырып-жабары жоқ, Жәмкең жар дегендегі жалғыз бәйбішесі еді ғой Баукеңнің. Анау Бақытжандай баланы дүниеге әкелген; көңілі дарқан, дастарқаны да керемет кең; соғыстан кейінгі жұтаңдау кездерде бәріміздің екінші анамыздай болған берекелі адам-ды. Баукеңді күйеуі емес, баласындай мәпелейтін. Алдынан шығып, бір ауыз шалыс сз айтпайтын ғой. «Баукең» дейтін де отыратын. Бірақ Құдай- тағала, енді… Бірге тұрмады кп… Бір, мінез болады ғой адамда… Жәмекең мейірімінің шексіздігі сонша, мысалы, Мыңбай аға айтып ткен Кәкімжан Қазыбаев зайыбы Орыншаны келін етіп осы Баукең мен Жамал апайымыздың шаңырағына түсіреді. Ол кезеңдерді Орынша апай да сонша бір сағынышпен әңгімелейді:

– 1956 жылы шілде айында Кәкең екеуміз бас қосып, Баукең мен Жамал апаның үйіне түстім мен. Сонда бірнеше ай тұрдық. Үйлері екі блме, кетейік десек жібермейді. Баукеңе күні- түн демей қонақтары келіп жатады, сонда апай тамақтың бәрін зі әзірлеп, мен соны дастарқанға тасимын. Ас пісірісейін десем, сен әуре болма, одан да ана кісілердің әңгімесін тыңда, бәрін өзім-ақ даярлаймын деп, қазан-ошаққа жуытпайды. «Лениншіл жастың» жігіттері пәтерде тұрса да, бәрі кезектесіп Баукеңді қонаққа шақыратын еді. Біз қоса еріп бара жатамыз. Онсыз да сымбатты Бауыржан аға офицерлік киімін киіп алғанда, тіпті сонадайдан кз тартады. Ұзын бойлы, қыр мұрынды, жанары шоқтай жайнаған, адам қарай алмайтындай ткір кзді кісі-тін. Ал апай жолдасының сәл иығынан келетін сұлуша, ақсары келіншек. Жамал апа, шынында да, жанының шуақтылығымен бірге, назар аудартатындай келбетті де кісі екен. Со тұстағы зиялы қауым әйгілі биші Шара Жиенқұлова мен кезінде Қазақ қыздар педагогикалық институтының ректоры болған Тұрсын Мырзабекованы және Бауыржан ағамыздың жары Жамал апайды «Алматының үш сұлуы» деп атапты. Айтса айтқандай-ақ, Бибіжамал Мұхамеджанқызының да әсем жан әлемі мен сыртқы кркі үйлесіп, аса бір нұрлы адам екенін әйгілеп тұрса керек.

Бір тамшы жас

– Жәмекеңнің үстінде қызғылт крепдешин кйлегі болатын, – деп сз жалғайды Орынша тәте.

– Басына желкесінен байлап ақ жібек орамал тартады. Қалжыңы бар кісі. Баукеңе еркелеп сйлейтін. Со кезде Баукең – қырық жетіде, Бибіжамал апай қырық екі жаста екен ғой. Қонаққа барған кезімізде аға ертерек қайтқысы келеді, апай отыра тұруды қалайды. Маған үйден шығарда: «Орынша, Баукең кетем десе, аға, біразырақ отырсаңыздаршы деші, сонда аялдар ма екен» деп ескертеді. Бәрібір кп бгей алмаушы едік. Ал зіміз түнделетіп, кешірек қайтамыз. Сонда Жәмкең еш ренжімей есік ашады. Баукең үйде жоқ болады… Орынша апайдың айтуынша, бұлардан кейін жас Шерхан Мұртаза да қалыңдығы Мәрияны алғаш келін етіп осы үйдің босағасынан аттатады. Қысқасы, Баукең шаңырағындағы шаттық талайды тамсантқан. 8йткенмен, арада алты- жеті ай ткенде мұның алдында да ұзақ уақыт сыртта әскери қызметте жүрген батыр үйге келуді сирете бастайды да, күндердің бір күнінде басқа жанмен кңіл қосып тынады. Орынша тәтеміз күрсініп қояды: – Е-е-е… Несін айта берейік… Сондай жағдайларды апай маған білдіргісі келмейтін. Баукеңдей адамды қию да оңай емес қой. Жәмкең жылайды сондай сәттерде… Кетпесін дейтіні жалғыз қалғысы келмейді екен ғой. Қазір есіме түсіп, ойлаймын ғой соны. Біз, әйтеуір қол үзген жоқпыз о кісіден. Dле-лгенше араласып тұрдық. Кәкең де туған анасындай аялаушы еді. Барған сайын жылайтын крінеді. «Ол да кетті тастап, сендер де кеттіңдер з беттеріңмен» деп. Бірақ Баукеңнің бір кереметтігі, мүлде тастап кеткен жоқ Жәмкеңді… Асыл анасын Бақытжан Момышұлы аға да емірене еске алады. Бұ кісінің сзінен Жәмекең туралы кейбір тосын деректерге кезігер едік. ( ә  ә    2006        . – ..):

– Анамның төркіні – Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы. Нағашы аталарым Алматыға 1860-шы жылдары келіп қоныстаныпты. Содан тұрақтап, жақсы тұрмыс құрған. Қазіргі аэровокзалдың орнында сол ағайынды Сүлеймен, Мүмсары деген кпестердің жайлары тұрады екен. Қаракесек бабамыздан тараған кісілер. Бекмұхамед, Досмұхамед, Жақыпбек дегендер тіпті. Осылардың бірінен Мұхамеджан атам туады. Одан – Ахметжан нағашым және апалы-сіңлілі Бибінұр апам мен Бибіжамал анам туған. Мені тәрбиелеген, негізінен, сол Бибінұр апам. Неге десеңіз, анам кбіне жұмыстан босай алмайтын. Орысша оқыдым. О кезде Алматыда қазақша білім беретін бір ғана 12-ші мектеп-интернат болыпты. Оған шалғай облыстардан келетін малшылардың ұл-қыздары мен жетім балалар ғана қабылданған крінеді. Сондықтан амалсыз орыс мектебіне берген сияқты. Әйтеуір әкем мені каникул сайын пойызға отырғызып ауылға, Жуалыға жіберетін-ді. Енді ойласам, елге жат болып кетпесін, атажұртынан тамыры үзілмесін дейді екен ғой. Жаздай ауылда жүргенде ызаланып, жынданған кездерім де есімде. Себебі жолдастарымның бәрі демалыста не Қара теңізге «Артекке», болмаса, Балтық жағалауына, Мәскеу, Ленинград, Киевке кетеді. Қалай ызаланбайсың. Бірақ Құдайға шүкір, әкем қауіптенгендей, тамырым шабыла қойған жоқ. Анам қазақ басылымында жұмыс істегендіктен, үйге қаладағы жас журналистермен қатар, елдің түкпір-түкпірінен келетін тілшілер де жиі соғатын. Тіпті кейбірі недәуір уақыт бірге тұрды. Мақсұт ағай, Қабдолла Тілемісов аға келгендерінде домбыра тартушы еді. Саттар Блдекбаев ағаммен әдебиет тңірегінде көп әңгімелесетінбіз. Ал Кәкімжан Қазыбаев туған ағамдай болып кеткен адам. Мұны айтып отырған себебім, қазақ иісін бірталай сіңірдім. Соның өзінде тілім шорқақтау болып қалды. Қалай дегенмен, қаланың баласысың. Қазір де, өкінішке қарай, орысша жазамын. Оны біреулер оқиды, біреулер оқымайды. Бірақ өзім үшін керек нәрсе… Бәкең де, жаңылыспасақ, әке рухына қатысты үш кітап жазды. «Восхождение к отцу», «Во имя отца», «Сыновья великого волка» дейтін дүниелер. Зерделі оқырман осы туындылардың ішінен Жамал ананың да ғажайып бейнесін жолықтырады. Бәкең майда қоңыр даусымен жан тербеткендей ақтарыла төгіледі:

– Сонан кейін есімде қалғаны – Күләш тәте Байсейітова. О кісі жиі соғатын біздің үйге. Менің анам сахнаға шығып крмеген адам. Бірақ үйде Күләш апай екеуі қосылғанда мамам әнді кәдімгіше шырқататын. 1-ші жилкомбинатта тұрдық. Қазіргі Қабанбай атамыз бен Фурманов кшелерінің қиылысы. 2-ші жилкомбинатта Дмитрий Снегин, Тайыр Жароков, Жұмағали Саин ағалар тұрған. 3-ші жилкомбинатта Кәрім аға Мыңбаев, Жұбан аға Молдағалиев, Әлжаппар ағалар бар. Нағыз мәдени орталық десе артық емес. Бәрі бір-бірімен керемет араласатын. «Лениншіл жастан» да келетін адамдар кп. Анам кейде «үлкен шәугімді қой» деп звондайды. Демек, журналист ағаларым келеді деген сз. Бірден түсінемін. «Кіші шәйнекті қой» десе, өзі ғана келеді. Мен де шешеме анда-санда коммутатор арқылы қоңырау шалып тұрушы едім. Онан кейін цифрлы телефондар келді ғой. 53-48 нмері арқылы теретінмін. Мұны да ұмытпаппын… Бақытжан аға тоғыз-он жасар кезінде үріккен аттан жығылып мерт болған зінің Шолпан әпкесі есіне түскенде кзі боталап, бірталай қамығып қалады:

– Жайлауда бәйгеге жаратып отырған ат екен. Басы қатты. Алматы аймағы ауылдарының бірі анамды қонаққа шақырған секілді. Ондағылар тау ішінде Шолпанды батырдың қызы деп атқа мінгізеді. Атақты сәйгүлік көрінеді. Жазмыш па… Содан құлаған. Әкем қырқыншы жылға дейін анаммен бірге Қиыр Шығыста, одан Житомирде әскери қызметте жүрген ғой. Сонда араларындағы осы кішкентай Шолпанның пойызда келе жатқандағы, қалт еткенде қыдыруға шыққандағы, ойнап жүрген сәттеріндегі құлындай құлдыраңдап жүгірген, ішек-сілесі қатып күлген әрбір қылығына сүйсініп, достарына менің тентек қызым сйтті деп мәз болып, аузынан тастамай айтып отырады екен. Перзент лімі оңай тие ме. Соны есіне түскен сайын, «қарамадың, ие болмадың» деп анамнан кргендей болып, қатты қиялданатын еді… Шолпан, расында да, әкесі іштей зор үміт күткен те алғыр бүлдіршін болыпты. Қапияда сүйікті қызынан айырылуы батырдың жүрегін қансыратып, мәңгілік жазылмайтын жараға айналған.

– Мен де жастай мертігіп, кп азап шектім. Кейін бірде әкемнің: «Ежелгі ұғым бойынша ата-баба, әке-шешенің күнәсін ұрпағы ктеретін түсінік бар ғой. Сол, тегінде, рас нәрсе. Қазақ «зауал» дегенді бекер айтпайды. 8рбір теріс әрекетің алдыңнан шығатын сәт туады. Қанша жалтарсаң да жауаптан құтыла алмайсың. Мен де елімді қорғадым дегеніммен, көп қан төккенім анық. Сонда маған қарсы атылған оқ жазатайым саған тиіп кетпеді ме екен?!» деп толғанғаны есімде. Бәкең ата-анасының ажыраған сәтіне келгенде күбірлеп, үні құмыға шығады: – 8кемнің іргені аулақ салуы, әрине, анама жеңіл тимеді. Бірақ бәріне де шыдады. Кішкентай кезімде мен де налыдым ғой енді талай… Кп жәйтті терең түсіне қоймасам да, ренжідім, кпеледім әкеме… Бұл қалай, неге кетті, неге қасымызда болмайды, неге бірге тұрмаймыз дегендей. Сонда анам: «Бәукеңді сөкпе! Бәукеңді ешқашан да жамандаушы болма!» деуші еді. Әйтеуір күдер үзген жоқ. Өмір бойы күтті ғой. Келе-келе  төңірегіндегі де, қоғамдағы да тоғышарлыққа кп кезігіп, алтын басын тауға да, тасқа да соға жүріп, «достан да, дұшпаннан да кңілі қайтқан» Баукең де Жамалдай асыл жарын ойлап, қатты торыққан екен.

– Қандыкйлек досы Дмитрий Снегин бір кітабында әкемнің кейін з қателігін түсініп, кзіне жас алғанын алғаш рет кіргенін жазады… Біз де Снегин кітабынан сол үзіндіні келтіруді жн креміз: «…Одан соң алғашқы қосағым Бибіжамалды жер қойнына тапсырдым. Мен оны бәйбіше деуші ем. Dмірден тым жас кетті. Қазір елу үшке келер еді. Біз осыдан ширек ғасыр бұрын ажырастық (  !)… Тек соны ғана сүйіп, соны ғана аңсайтынымды терең ұғынып, жан ауыртуым үшін – оның луі керек екен. Ішім қан жылайды. «Оңбаған!» деген үндерді естимін. Бірақ жазғырушыларым сумаңдаған алақандарымен ккірек кзім ашылып, кінуімнің тек бір ғана тамшы жасын қағып алса, осының өзі-ақ, балқыған қорғасындай, солардың жүректерін күйдірер еді!». Ол үн-түнсіз, қыстыға егілді». * * * Мен Бауыржан Момышұлының 1953 жылы жазылған әлгі «Она» деп аталатын әңгімесін қазақшалағаным бар. Талай жүк арқалаған осы шығарма: «Иә, оларды ажыратқан соғыс еді» деген сйлеммен аяқталады. Біздің де кейіпкерлерімізді айырған сол сұм соғыс еді. 

Құлтөлеу Мұқаш

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі