jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қарағандылықтар қаржы пирамидасына алданып қалды

13 желтоқсан 2016, 22:17
439

Қарағандылықтар қаржы пирамидасына алданып қалды

Қарағандыда қаржы пирамидасына алданғандардың нақты саны белгілі болды. Алаяқтық жоспармен құрылған «Оптовка» серіктестігіне 5 жарым мың адамның ақша салып жібергені анықталып отыр. Астана, Қарағанды және Теміртау қалаларының тұрғындары қаржы пирамидасына 2 миллиардтан аса теңгесін өз қолдарымен апарып берген.

ktk.kz хабарлағандай, «Оптовканың» басшысы Елена Колесникова ең кемі 50 мың теңге әкелген адамға аптасына 7 мың теңге үстеме ақы беріп отырыпты. Оңай олжаға құныққандар осыдан кейін оған қаражат әкелуді үдете берген. 6-ақ ай жұмыс істеген фирманың басшысы ұсталар алдында есеп-шотқа 1 миллиард теңгеден аса қаражат түскен екен. Салымшылар Колесникова ұсталғанда, оны босатуды талап етіп, шу көтерген болатын. Ол бостандықта жүрсе қаражат еселеп қайтатынына сенетіндер әлі де бар. Дегенмен прокуратура ел өткізген 2 миллиард теңгенің 600 миллионының ғана жұртқа қайтқанын айтады. Ал шотында қалғаны бар-жоғы 120 миллион теңге. Қалғанын пирамида басшысы шетел асырып жіберген сыңайлы. Өйткені, бала-шағасы да қазір Еуропа елдерінде жүр. Әзірге қаражаттан қағылғанын жаңа сезген 234 салымшы ғана алдандық деп арыз түсіріпті.

19 ақпан, 20:55
Бақытжан Сағынтаев: "Біз жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына жол бермедік"
19 ақпан, 17:20
Айдос Жұқанұлы: Алаш қайраткерлері туралы жазғанымды небәрі 50 адам оқыды
19 ақпан, 15:03
«Отты отпен сөндіреді. Тіл тартысы бар қазаққа ортақ»
19 ақпан, 12:22
Айылдан шыққан мүсінші
19 ақпан, 11:54
Баян-Өлгийдің іргетасын қалаған қазақ
19 ақпан, 11:44
Олжас Әбіл, блогер: Бізге сарапшы журналист керек
19 ақпан, 11:37
Коллектордың қақпанына түскендер
19 ақпан, 11:17
«Бай, қуатты болайық!» деуші еді...