jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Зейнеткерден жолақы алмайтын автобус

12 желтоқсан 2016, 16:45
447

Бішкекте №204 автобус жүргізушісі зейнеткерлерден жолақысын алмайды. Салонға кірген қарттарға жүргізуші тегін жүретінін бірден ескертеді екен.

2016-12-10_15-14-55_180956_w

stan.kz хабарлағандай, зейнеткерлердің бірі оған алғысын жаудырса, енді бірі мұның мәнісін сұрап жататын көрінеді. Бақтыбек есімді жүргізуші мұның ешқандай себебі жоқ екенін, тек осылайша қайырымдылық жасағысы келетінін айтады.

2016-12-10_15-14-57_118994_w

Stan.kz хабарлағандай, «Мен өзімізден үлкендерді өте құрметтеймін. Сондықтан оларға мейірімділік таныту керек деп шештім. Екі айдан бері қарттардан жолақы алмай келемін. Өзге автобус жүргізушілері де осылай жасағысы келетінін айтады, бірақ кірісі аз болып қалатынын айтып қорқады. Бірақ мен одан еш ұтылмайтынын көрсетіп келемін. Мың сом берекесіз ақшаң болғанша, берекесімен жүз сом ақша тапқаның жақсы. Бұған өмірімде көзім жетіп болған», – дейді ол.

2016-12-10_15-14-58_188418_w

Бақтыбек өзінің есімін толық атамауды сұрады. Ол қайырымды істі жария қылмай жасырын істеу керегін, оң қолың қылған жақсылықты сол қолың білмеу керегін айтады.

Бүгін, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?
16 тамыз, 13:26
"Бой түзейтіндер мен ой түзейтіндер бұққан заман"
13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар