jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Түркия президентінің елімізге сапары кейінге қалдырылды

11 желтоқсан 2016, 18:06
233

Түркия президентінің елімізге сапары кейінге қалдырылды

Түркия президенті Режеп Ердуан Ыстамбұлдағы лаңкестік салдарынан Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды. Бұл туралы «Анадолу агенттігі» хабарлады. Агенттіктің ақпаратына сәйкес, Түркия президенті 11-12 желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен Қазақстанға келмекші болған. ҚазАқпарат хабарлғандай, еске салсақ, Ыстамбұлда «Бешикташ» — «Бурсаспор» ойынынан кейін екі жарылыс орын алды. Билік деректеріне сүйенсек, алдымен «Водафон-арена» стадионы маңында жарылғыш зат қойылған көлік жарылды, 45 секундтан кейін саябақта лаңкес жанкешті өзін жарып жіберді. Соңғы деректерге сәйкес шабуыл салдарынан 29 адам — 27 полицей, екі қарапайым адам қайтыс болды. 166 адам жарақат алды. Лаңкестікке байланысты тоғыз адам ұсталды. 11 желтоқсанда Түркияда аза тұту күні жарияланды. Лаңкестік жағдайға байланысты Қазақстан Президенті Н. Назарбаев ТР Президенті Режеп Тайып Ердуанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

 

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!