jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Сұлтан Бейбарыс мешітіне бөлінген ақша қайда? (фото)

11 желтоқсан 2016, 18:25
707

Сұлтан Бейбарыс мешітіне бөлінген ақша қайда? (фото)

Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты Нұрлан Жазылбеков Мысырдағы Каир қаласында болып, Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жұмыстарымен танысып қайтты.

Сұлтан Бейбарыс мешітіне бөлінген ақша қайда? (фото)

ҚазАқпарат хабарлағандай, «Мысырда жүргенде 1267 жылы ел билеушісі Сұлтан Бейбарыс салған ғибадат үйін көріп қайттық. Аталған нысанның жалпы ауданы 10 мың шаршы метрді құрайды. 2007 жылы Қазақстан Мысырмен арадағы келісімнің негізінде мешітті қалпына келтіру жұмыстарына 4,5 млн. доллар бөлген болатын.

Сұлтан Бейбарыс мешітіне бөлінген ақша қайда? (фото)

Ақша бөлінді, бірақ тиісті жұмыстар әлі аяқталған жоқ. Мешіттің қазіргі жағдайын өз көзімізбен көргеннен кейін Әл-Фараби мен Сұлтан Бейбарыс атындағы қордың жетекшісі Сапар Ысқақовтың алаңдаушылығы орынды деп санаймыз. Біздің үкіметке осы мәселені бақылауға алу қажет.

Сұлтан Бейбарыс мешітіне бөлінген ақша қайда? (фото)

10 жылдың ішінде ештеңе істелінген жоқ. Сондықтан осыны жіті қадағалауға алған жөн», — деп жазды Н.Жазылбеков өзінің Фэйсбук парақшасында. Оның сөзіне қарағанда, Сұлтан Бейбарыстың ұрпағы — Самиа Бейбарыс та осы мәселенің шешілуін қалайды.

Сұлтан Бейбарыс мешітіне бөлінген ақша қайда? (фото)

Бүгінде ол Араб елдері лигасында департамент басшысы қызметін атқарып жүр. Айта кетейік, 2007 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мысырға жасаған ресми сапарынан кейін Каирдегі Сұлтан Әл-Заxыр Бейбарыстың мешітін қалпына келтіру жұмыстарын бірлесіп қаржыландыру туралы келісім заңды түрде бекітілген еді.

Сұлтан Бейбарыс мешітіне бөлінген ақша қайда? (фото)

Аталған құжатқа сәйкес, Қазақстан қайтарымсыз негізде 4,5 млн. доллар бөлсе, Мысыр жағы 20 млн. долларды өз мойнына алған.

Сұлтан Бейбарыс мешітіне бөлінген ақша қайда? (фото)

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!