jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Елбасы Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айтты

11 желтоқсан 2016, 18:16
228

Елбасы Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Еруанға Ыстамбұл қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат хабарлағандай, жеделхатта Қазақстан Президентінің террорлық акт туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Заманауи сын-қатерлер өршіп тұрған алмағайып заманда біз Түркиямен бірге халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш жұмылдыруға дайынбыз», — делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

 

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!