jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қарағанды көмірі өзінен өзі жанып кетті

10 желтоқсан 2016, 12:43
431

Қарағанды көмірі өзінен өзі жанып кетті

Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті Ленин атындағы шахтасында көмір өздігінен жанып кетті, деп хабарлады компания баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «9 желтоқсанда сағат 23.35-те шахтаның 4.02Д6-1-В лава жоғарғы тоғысуының шектеулі учаскесінде көмір жанып кетті. Апатты жою үшін диспетчер «Көмір» ӘАҚЖ шақырды», — делінген хабарламада. — Қазіргі уақытта жалынды оқшаулау жұмыстары аяқталды». Компания ақпаратына сәйкес шахтада 178 адам болған. Зардап шеккендер жоқ. Жер астында жұмыс істеген қызметкерлер құтқарушылар жеткенше, сыртқа өз беттерінше шықты. Болған жағдайдың себебі тергеледі. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «АрселорМиттал» компаниясының құрамына кіреді және ҚР тау-металлургиялық секторының ірі кәсіпорны болып табылады. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ құрамына Теміртаудағы металлургиялық комбинат, 8 көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарындағы жез кенін өндіретін 4 кен орны кіреді.

 

19 шiлде, 12:02
Ажал шақыратын арал
18 шiлде, 11:40
Қажытайдың атбегілігі қандай еді?
12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!