jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шекарашының отбасында төртем дүниеге келді

09 желтоқсан 2016, 17:30
584

Шекарашының отбасында төртем дүниеге келді

ҚР ҰҚК Шекара қызметінде қызмет ететін әскери қызметшінің отбасында төртем туылды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында бұл дегеніңіз Спановтар әулетіне берілген үлкен сыйлық іспеттес болды. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Шекара қызметінің «Астана» бақылау-өткізу бекетінде қызмет атқаратын прапорщик Асхат Спановтың отбасында екі ұл, екі қыз бір мезгілде туылды.

serke.org хабарлағандай, Асхат пен Салтанат үшін бұл ұзақ күткен жаңалық болғандығы жасырын емес. Көпбалалы ата-аналар өздерінің жүрекжарды қуаныштарымен шын көңілмен бөлісіп, Астана қаласындағы №1 әйелдер босанатын орталықтың медицина қызметкерлеріне алғыстарын айтуда.

— Алғашқыда бізге үшем болатындығын айтқан болатын, ал төртем болған кезде біз тіпті қуандық, — дейді өзінің қуанышын бөліскен жас ана Салтанат Спанова, — жүктілік кезінде мен дәрігерліердің жіті қадағалауында болдым, күйеуім де мені жақсы қолдап, қолынан келген көмегін аяған жоқ.

Көпбалалы отбасының әкесі де өзінің қуанышын жасыра алмай, алғашқы әсерімен бөлісті. Сәбилердің дүние есігін ашқандығы туралы жаңалықты әскери қызметті атқарып жүрген кезде әйелдер босанатын орталықтың дәрігерлерінен естіпті. Асхат та қатты қуанғаны сонша, ең алдымен ата-анасына хабарласып, қуанышты жаңалықты жеткізіпті.

Жоғарыда аталған орталықтың меңгерушісі Клара Бектұрсынованың сөзіне қарағанда, жаңа босанған ананың да, өмір есігін жаңа ғана ашқан сәбилердің де денсаулығы ойдағыдай, өздерін жақсы сезінуде, әрине, олар әлі де дәрігерлердің бақылауында болады. Салтанат болса оларды күнделікті түрде емізіп, аналық мейірімін төгуде, ал сәбилер күннен-күнге күш жинауда. Асхаттың айтуына қарағанда, үйдегі әжесінің көмегімен сәбилерге сүйікті есімдерін қойыпты. Сонымен, сәбилері Әрсен, Әлихан, Диара және Әделдің тезірек орталықтан шығып, үйге қайтуын асыға күткен прапорщик Спанов сонымен бірге Отанымыздың шекара шебін де қөздің қарашығындай күзетуді жалғастыруда.

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!