jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Дертіне дауа табылмаған ақ аю адамнан көмек күтеді

07 желтоқсан 2016, 21:53
348

Дертіне дауа табылмаған ақ аю адамнан көмек күтеді

Ауру жануарға арналған мереке! Бүгін еліміздегі жалғыз ақ аюдың туған күні. Осыған орай, Алматы зообағы ауру аңға мейрам ұйымдастырды.

ktk.kz хабарлағандай, онсыз да әрең жүрген жануарды бала-шаға қызықтап әлек. Зообақ қызметкерлері де аюға түрлі тәтті ұсынып мәз. Ал туған күн иесінің өзі 7 ай бұрын анықталған дертінен әлі айықпапты. Естеріңізге салсақ, мамырда аюдың басының іскені, ал тістерінің шірігені анықталған еді. Содан ол әбден қиналған. Жөні түзу ем де көрмегенге ұқсайды. Айта кетсек, ақ аю мұнда небәрі 1 жасында әкелінген екен. 26 жылдан бері осы Алматы зообағында өмір сүріп келеді. Соны алға тартқан бақ қызметкерлері, кәрі жануарды емдеудің қажеті жоқ деп отыр.

Әділ Қанапин, Алматы зообағының бөлім басшысы:

— Жануар қалай қиналып тұр?! Жеп отырған тамағын қараңыз.

— Қалай қиналып тұр? Сіз маған ондай сұрақ қоймаңыз. Жануар ауырып тұрған жоқ. Қазіргі уақытта басындағы ісігіне, одан кейін барып тісінің емделуіне расы керек,жолдарын қарап жатырмыз. Әлі жазылған жоқ.

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы