jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бүркітші Айшолпан туралы фильм «Оскар» тізімінде

07 желтоқсан 2016, 13:02
502

snimok

Моңғолияда құсбегілікпен айналысатын 13 жастағы қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып жайлы түсірілген деректі фильм «Оскар» киносыйлығының шорт-парақшасына енді. Сондай-ақ, Weiner, «13», The Eagle Huntress, «Сделано в Америке» картиналары да 15 финалистің қатарына кірді. Айта кетейік, «Оскар» киносыйлығының 5 номинанты 2017 жылдың 24 қарашасына дейін жарияланатын болады.

Tengrinews.kz хабарлағңандай, 13 жастағы қазақ қызы осыдан бірнеше жыл бұрын бүркітшілер арасында ұйымдастырылған үлкен жарысқа қатысқан соң танымал бола бастады. Сол кездің өзінде-ақ шетел ақпарат құралдары, соның ішінде BBC, CNN телеарналары қазақ қызына қызығушылық танытқан еді.

244c3724628ed12c664c558d3f50e132

Осылайша The Eagle Huntress картинасы басты киносыйлықты алуға үмітті екен. Айшолпан Нұрғайып The New York Times басылымына берген сұхбатында үйінде қалған сіңлісі мен қыранын қатты сағынғанын айтты.

Сонымен қатар, 13 жастағы қазақ қызы фильмнің режиссерімен қалай танысқанын айтып берді. Оның айтуынша, бүркітші қыздың суретін режиссер Отто Беллге фотограф Ашер Свиденский көрсеткен. Фотограф Моңғолияға барған кезінде біраз аңшыларды суретке түсірген екен.

44ac026266bd9eb957f0590c9db703b9

«Қазір менің жасым — 15-те, ал қыраным «Ақ қанаттарының» жасы — 3-те, — дейді фильмнің кейіпкері. — Басқа қалада оқу үшін мен енді орта мектепте тағы екі жыл оқу керекпін. Бірақ мен қазір сіңліме аңшылықты үйретуді жоспарлап отырмын».

Айта кетейік, Айшолпанның туыстары мен жақындары оны мақтан тұтады. Қыздың айтуынша, картинаны туыстары әзірше көрген жоқ. «Өзінді үлкен экраннан көрген өте қызық. Жалпы, мені енді ер адамдар түсіне бастады. Олар осыған дейін «бүркітшілікпен айналысу — әйелдердің ісі емес» деп айтатын. Осы фильмнен кейін, яғни мен танымал болған соң олар өздерінің пікірлерін өзгертті», — дейді Айшолпан.

Еске сала кетейік, осыған дейін танымал әнші Sia бүркітші қазақ қызы туралы фильмге ән жазған болатын.

Осыған дейін Sony компаниясы бұл фильмді Латын Америкасы, Жаңа Зеландия, Германия, Аустралия мен Азияда көрсету құқығын иеленген болатын. Дегенмен 20th Century Fox Animation картинаға ремейк түсіру керек деген шешімге келген еді.

06 желтоқсан, 14:15
Ұшпаққа шығармайтын ойын
06 желтоқсан, 12:07
Жағдай жасағаннан ұтылмаймыз
06 желтоқсан, 11:55
Әкімдер шаршап жүр екен
29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...