jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қалта қаққыш қыздардың жорығы аяқталды

07 желтоқсан 2016, 13:11
387

snimok

Күдіктілер базарда, қоғамдық көліктер мен сауда үйлерінде адамдардың қалтасына түскен.

Талдықорғанда бірнеше мәрте ұрлық жасады деген күдікпен 22 және 24 жастағы екі әйел ұсталды.

365info.kz хабарлағандай, бұл туралы Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу кезінде Талдықорған қалалық сотының шешімімен екі әйел қамауға алынды.

«Екі әйел де Көксу ауданы Балпық би ауылының тұрғындары. Күдіктілер бұдан бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, Талдықорған қаласында базарда, қоғамдық көлікте және ірі сауда үйлерінде келушілердің қалтасына түскен. Аталмыш деректерге қатысты келтірілген шығынның жалпы сомасы — 400 мың теңге. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады полициядағылар.

Ұсталғандардың жеті әйелдің әмиянын ұрлағандығы дәлелденді, әмиян иелері полицияға ресми түрде шағым түсірген.

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!