jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыда ұрлап, Алатаудың аржағында сатады

07 желтоқсан 2016, 16:43
444

snimok

Алматы полициясы ұрланған телефондардың Бішкекте сатылғанын анықтады, — деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Алматы ІІД Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері қатарынан құрылған арнайы топ өкілдері Бішкекке барған. Қазақстанның полиция қызметкерлері жергілікті құқыққорғаушылармен бірігіп, қаланың телефон сатумен айналысатын және «жабайы» сауда орындарын аралады. tengrinews.kz хабарлағандай, сатушылардан сөрелерінде болған барлық телефондардың IMEI-коды туралы мәлімет алынды.

«Осылайша, 2012 жылдан 2016 жыл аралығындағы мәліметтерді салыстыру шаралары өткізілді. Осы уақытқа дейін Алматыда ұрланған 104 ұялы телефон анықталды», — деп бөлісті алғашқы ақпараттармен Алматы ІІД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Алматыда ұрланғаны анықталған телефондарды қайтару туралы Қазақстанның Бас прокуратурасының халықаралық тапсырмасын атқару мәселесі қарастырылып жатыр. Ол телефондар өндірісте бар қылмыстық іске тіркеледі.

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы