jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Үш ағайындыны өлтіргендер ауыр жазаға кесілді

29 қараша 2016, 16:12
436

snimok

Үш ағайындыны өлтірді делінген сотталушыларға қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Еске сала кетейік, Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Әлімхан Қадылбек биыл Ұзынағаш маңында өлтірілген болатын. Қылмысқа қатысы бар осы ауылдың екі тұрғыны күдікті деп танылды. tengrinews.kz хабарлағандай, олар — Талғат Сүлейманов пен Мұрат Оңалбаев. Сондай-ақ, сот отырысына ауылдың жергілікті қойшысы Бақыт Байқасымов та қатысты.

Осы істегі басты фигуранттардың бірі Талғат Сүлейманов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Оның сыбайласы Мұрат Оңалбаев болса, 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Мұрат Оңалбаев жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Ал «қылмыс туралы хабарламағаны үшін» айыпталған сол ауылдың жергілікті қойшысы Бақыт Байқасымов төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, 25 қарашада өткен сот отырысында қаза болғандардың туыстарының моральдық және материалдық шығын ретінде 50 миллион теңге өндіріп алмақшы екені белгілі болды. Алайда басты күдікті Сүлейманов мұндай ақшаның жоқ екенін, өтемақыны төлей алмайтынын айтты.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар.

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!