jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Үш боксшымыз әлем біріншілігінде финалға шықты

26 қараша 2016, 13:21
482

20161126072913

25 қараша күні Санкт-Петерборда бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының барлық салмақ санаты бойынша жартылай финалдық ойындары өтті, деп хабарлайды Sports.kz. Күндізгі сессия аясында рингке Саматәлі Толтаев (ең жеңіл салмақ, 56 келі) пен Бек Нұрмағанбет (орташа салмақ, 75 келі) шықты.

Екі қазақстандық боксшы да ақтық сынға өтті: Толтаев австралиялық Сэм Гудмэнді жеңді, ал Нұрмағанбет германиялық Везир Агирманнан басым түсті. Сонымен бірге, кешкі сессияда да екі қазақстандық спортшы — Садриддин Ахмедов (жартылай орта салмақ, 69 келі) пен Бекзат Нұрдәулетов (жартылай ауыр салмақ, 81 келі) бақ сынады. Ахмедов британдық Мохаммед Харрис Акбарды жеңіп, финалға шықты. Өкінішке қарай, Нұрдәулетов украиндық Роман Савицкийден жеңіліп, турнирден шет қалды. Ақтық сында Толтаев америкалық Марко Кастромен кездеседі, Нұрмағанбет — шотландиялық Уильям Хатчинсонмен, Ахмедов украиналық Павел Гуламен айқасқа түседі. Финалдық жекпе-жектер бүгін, 26 қарашада Астана уақытымен 17:00-де басталады.

 

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!