jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жынысын өзгерткен трансгендерді көргісі келетіндер көп

25 қараша 2016, 0:57
442

Алматыда тергеушілер жынысын ауыстырған адамды қай түрмеге қамарын білмей бас қатыруда. Трансгендер ашыналарынан ақша бопсалап жүріп ұсталыпты. Ол әйелге айналып үлгергенімен, құжат бойынша әлі еркек екен. Енді бұл адам жынысын ауыстырғанына қарамастан, жазасын кілең еркектердің арасында өтеуі мүмкін.

trans

-Жынысын ауыстырған трасгендер қазір мына тергеу абақтысында жатыр. Оны тұтқындаған полицейлер басында әбден бас қатырып оны қайда жатқызарларын білмей, ақыры әйелдердің қасына қосыпты. Трансгендердің тоғытылуы түрмеде де үлкен қызығушылық туғызған. Бұрынғы еркек, қазіргі әйелді бір көруге тіпті қызметкерлердің өздері кезекке тұрып жатқан көрінеді.

Бұл – түрмеге трансгендер атаулының алғаш түсуі. Құжат бойынша  еркек, ал түрі үріп ауызға салғандай Хасанды көргенде мұндағылар сасқалақтап қалған. Тығырыққа тірелген тергеу қапасының қызметкерлері алғашында сенбей, тіпті оның жыныс мүшесіне дейін тексеріп көріпті.

Анна Смирнова, Адам құқығын қорғау жөніндегі халықаралық бюро заңгері:

-Абақты қызметкерлері оны қызық көріп қараған. Трансгендер туралы әңгіме түрмеде тез тарап кеткен. Қазір оны қорғау үшін тиісті органдарға хат жазып жатырмыз. Себебі, құжатын ауыстырмаған. Енді оны еркектердің колониясына жібереді ме деп ойлап отырмыз.

Абақтыда уақытша әйелдердің арасында жатқанымен, кейін қазіргі Виктория ерлердің колониясына жіберілуі мүмкін. Өйткені қызтеке құжатын ауыстырып үлгермеген. Ал заңда трансгендер бөлек жатсын деген бап жоқ.

 

 

ktk.kz

 

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!