jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алаяқ әйелдің адымы қысқа

25 қараша 2016, 19:18
271

snimok

Екібастұз қаласында пәтер алаяқтығы бойынша күдікті 56 жастағы азамат ұсталды.

Айта кетейік, күдікті бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Павлодар облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Екібастұз қаласының бірнеше тұрғыны алданып қалғаны туралы полицияға шағымданған. Bnews.kz хабарлағандай, Қылмысты ашу мақсатында арнайы тергеу тобы құрылған.
«Тергеушілер алаяқтық жасады деген күдікпен 56 жастағы әйелді ұстады. Ол алдын ала жоспарланған сызбамен жұмыс істегені анықталды. Пәтер іздеп жүрген тұрғындарға баспана сатып алуды ұсынып, кейін жалған келісімшарттар жасаған. Бір қызығы, тұрғындар оның сөзіне сеніп, ақша берген. Осыдан 6 жыл бұрын ол алаяқтық үшін сотталған болатын», – дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Полицейлердің мәліметінше, екібастұздық қылмыстық істің үш дерегі бойынша күдікті деп танылған. Алаяқ құрбандарын алдап-соғып, 6 млн теңгені қалтасына басқан.
Қазір ол уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

06 желтоқсан, 14:15
Ұшпаққа шығармайтын ойын
06 желтоқсан, 12:07
Жағдай жасағаннан ұтылмаймыз
06 желтоқсан, 11:55
Әкімдер шаршап жүр екен
29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...