jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жарайсың, Қазыбек!

23 қараша 2016, 13:11
342

snimok

Тараздағы 22534 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Қазыбек Махимов қаланың көп пәтерлі тұрғын үйлерінің бірінде болған өрттің алдын алды.

Қорғаныс министірлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қызметтен кейін үйге қарай оралып келе жатқан кезде әскери қызметші тұрғын үй кешенінің үшінші қабатында түтін шығып жатқанын байқайды. Дереу өрт қызметін шақырып, Қазыбек Махимов өртті сөндіруге кіріседі. «Пәтердегі есік жабық болғандықтан, мен төртінші қабатқа жүгіріп кеттім, – дейді Қазыбек. Көрші-қолаң арқан беріп көмектесті. Сол арқанның көмегімен мен өрт шалған пәтердің қылтимасына түстім. Үйде тұрғындар болған жоқ. Жуынатын бөлмеден су алып, өртті сөндіре бастадым». Өрт қызметі келгенше әскери қызметші өрттің таралып кетуін болдырмау үшін қолынан келгеннің барлығын жасады. Оқиға орнына келген өрт қызметінің бригадасы әскери қызметшінің уақтылы және сауатты іс-әрекетін атап өтіп, көрсеткен ерлігі үшін алғыс білдірді.

Бүгін, 12:48
«Жастар жұмыс жоқ деп өтірік айтпасын!»
Бүгін, 12:26
Көлік жүргізушіге ат арбаның қажеті қанша?
Бүгін, 12:17
Алдағы бағыт: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық
Бүгін, 12:03
Күйі кеткен кино үйі
20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
Серіктестер жаңалықтары