jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Илья Ильин Олимпиадада алған жүлдесін қайтарады

23 қараша 2016, 12:57
493

20161123122947

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті Халықаралық олимпиадалық комитеті тарапынан ағзасынан тыйым салынған препараттардың ізі табылған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды.

ҚазАқпарат хабарлағандай, Халықаралық олимпиадалық комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 94 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің «А» және «В» допинг сынамаларының қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыны сол ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды. Спортшыға қолданылатын жазаның мерзімін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы(IWF) анықтайды, – деп хабарлайды ҚР ҰОК. Естеріңізге сала кетейік, «әділ спорт» қағидалары мен таза спортшыларды қорғау және допингті қолдануға «нөлдік төзімділік» саясатын қолдау — Халықаралық олимпиадалық комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті қызметінің басты бағыты. ҚР ҰОК Халықаралық олимпиадалық комитеті тарапынан танылған еліміздегі жалғыз ұйым, сонымен қатар Олимпиадалық  Хартия мен Бүкіләлемдік допингке қарсы кодексін танып, әлемдік допингке қарсы қозғалыстың мүшесі болып табылады.

 

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы