jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бауыржан Исламхан -Қазақстанның ең үздік футболшысы

19 қараша 2016, 21:50
474

20161110094842

Алматылық «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан чемпионаттың үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды Sports.kz. Осы мәселеге байланысты сауал премьер-лиганың бас бапкерлері мен футболшыларының арасында жүргізілді. Қазақстанның өткен чемпионатының үздік футболшысы «Қайрат» командасының және Қазақстан құрамасының 23 жасар жартылай қорғаушысы Бауыран Исламхан болды. Алматылықтардың лидерлерінің бірі осы маусымды өтте сәтті өткізді. Оның командасы ұзақ уақыттар бойы чемпиондыққа ұмтылып, күміс жүлдеге ие болды. Ел чемпионатында Бауыржан 17 доп соғып, 9 гол салатын мүмкіндік жасаған. Өз командасын капитан ретінде алаңға 30 рет алып шықты. Биылғы жылы 5 матчта ойнап, Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірінің қатарында жүр. Оның есебінде 106 ұпай бар. Екінші орында «Қайраттың» 35 жасар шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин тұр. Танымал ресейлік легионердің «Қайрат» командасына келуі кейбір жанкүйелер үшін кереметтей үміт отын оятқан жоқ. Дегенмен, Аршавин алматылықтардың құрметіне бөлене білді. Ол 8 доп соғып, 7 рет гол салуға мүмкіндік жасады. Андрей Аршавиннің есебінде 96 ұпай бар. Үздік үштіктің қатарын «Ертіс» командасының шабуылшысы, 23 жасар Роман Муртазаев тұйықтап тұр. Жас шабуылдаушы павлодарлық команданың лидерлерінің біріне айналды және командаластарын өзімен ерте біліп, соның нәтижесінде Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.

 

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!