jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Сәбиді қауып алған иттің иесіне миллион теңгелік жаза

13 қараша 2016, 14:02
522

snimok

Батыс Қазақстан облысының Мичурино кентінде құлағын ит тістеп жұлып алған қыздың ата-анасы төбеттің иесінен миллион теңге өндіріп алды.

Baq.kz хабарлағандай зардап шеккен баланың ата-анасы моральдық залал ретінде көршісінен 10 млн теңге өндіруге тырысқан болатын. Алайда сот шығын сомасын 10 есе қысқартып тастады.

Сотта жауап беруші әйел иттің иесі емес екенін, ол ит әкесінен қалғанын айтты. Мичурино кентінде алты жасар қызға тап берген Полкан есімді итті у беріп өлтіруге тура келді.

Судья моральдық залал ретінде ит иесінен 10 млн емес, 1 млн теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Шығын сомасын көпсінген жәбірленуші тарап жоғары инстанцияға шағымданбақ болғанымен, облыстық соттың апелляциялық алқасы шешімді өзгерткен жоқ.

Оқиға осы жылдың 25 ақпанында орын алған болатын. Белгілі болғандай, ит бұған дейін де талай адамды қауып, тістеп алған.

Сот шешімімен ит иесіне 20 мың теңге айыппұл салынды.

 

Бүгін, 12:48
«Жастар жұмыс жоқ деп өтірік айтпасын!»
Бүгін, 12:26
Көлік жүргізушіге ат арбаның қажеті қанша?
Бүгін, 12:17
Алдағы бағыт: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық
Бүгін, 12:03
Күйі кеткен кино үйі
20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
Серіктестер жаңалықтары