jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Сәбиін аяусыз ұрған ананың кім екені анықталды (видео)

12 қараша 2016, 11:05
855

Ғаламторда өзінің кішкентай баласын аяусыз ұрып жатқан келіншектің  видеосы пайда болды. Жағдай Алматыдағы «Алтын Орда» базарының маңайындағы үйлердің бірінде болған деген болжам бар деп хабарлайды stan.kz.

ana

Көрген адамның жаны түршігетін кадрларды желіге салған бойжеткен, шақалақ қыздың есімі – Айару, ал қатыгез анасының аты-жөні Айгүл Құрбанбаева деп көрсетіпті. Тілшілер анықтаған ақпарат бойынша, Қарақалпақстаннан көшіп келген келіншек, өзі аяусыз төмпештеген сәбиін осы жылдың 21 қаңтары күні Қалқамандағы перзентханада босанған көрінеді. Дәл осы видеоны әлеуметтік желіге салуға өтініш жасаған алматылық Жанар есімді келіншектің айтуынша, бұл кадрдағы сәбиді ұрып отырған өзінің анасы – 1987 жылы туылған Айгүл Құрбанбаева көрінеді. Жанардың айтуы бойынша, Қалқаман перзентханасына сұрау салғанымызда, 21 қаңтар күні расында да Айгүл Құрбанбаева есімді келіншектің босанғаны расталды. Бірақ ол тұрғылықты жерінің мекен-жайын нақты көрсетпепті. Яғни бұл ақпарат расталса, видеодағы шақалақ 10 айлық болуы мүмкін.

Бұл видеоны тасбауыр әйел 8 жасар қызға әдейі түсіргізген. Ол туралы видеоны алғаш болып көрген Жанар Юсупова есімді әйелге жеткіншектің өзі айтып беріпті. Тіпті, баланы ұрып жатқан өзінің туған анасы көрінеді. Қазір оқиғаның анық-қанығын құқық қорғау органдары тексеруде. Ал, адам шошырлық видео қазір интернетте де қызу талқыға түсіп жатыр. Пайдаланушылардың бірі әйелдің ұрып жатқаны сәби емес, қуыршақ десе, кейбірі тасбауыр ананы дереу жазаға тартуды талап етуде, – деп хабарлайды ктк арнасы.

«8 жасар қыз ештеңе білмейді ғой. Ол да бала. Бұл кім деп едім, біздің көрші Айгүл тәте деді. Ал, «ана қыз кім» деп едім. Айару деді. Айару видеодағы қыз екен. Баладан алдап сұрап едім, видеоны түсірген өзі екен», – дейді Жанар Юсупова.

Қазір бұл видеоны Еліміздің Бас прокуратурасы мен ІІМ криминалды полиция басқармасы жіті тексеруде.

«ІІМ ғаламторда жарияланған бейнежазбада сәбиді ұрып атқан әйелдің жеке тұлғасын анықтау үшін, барлық кажетті шараларды қабылдап жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы толық, жан-жақты зерттелгеннен кейін, оның іс әрекетіне процесуалдық баға берілетін болады. Қазіргі күні бенежазба нақты зерттелуде», – дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

 

Бүгін, 12:48
«Жастар жұмыс жоқ деп өтірік айтпасын!»
Бүгін, 12:26
Көлік жүргізушіге ат арбаның қажеті қанша?
Бүгін, 12:17
Алдағы бағыт: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық
Бүгін, 12:03
Күйі кеткен кино үйі
20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
Серіктестер жаңалықтары