jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қымбат керіктің орнына арзан құс алмақшы болған

06 қараша 2016, 13:34
429

zhiraf

Алматы зообағы 40 мың доллар тұратын жирафты құны арзан құстарға алмастырмақшы болыпты. Бірақ, ол қанаттылар жолда келе жатып өліп қалған.

Қоғам белсенділері Алматы зообағының осындай олқы тұстарын тағы да жіпке тізді. Мекеме басшысының да бұл ретте өз уәжі бар. Айтуынша, хайуанаттар мекенін жаңарту мақсатында үлкен жоба жасалып жатыр екен.

Осымен 7-ші рет басшысы ауысса да мекеменің жағдайы оңалмай тұр. Арнайы отырыс өткізген қоғамдық бақылау кеңесі өкілдері осылай дейді. Мәселен, біраз бұрын Ташкент зообағына жираф беріп, орнына басқа аң-құстарды алмақшы болған екен. Онысы сәтсіз аяқталып, әкеле жатқан құстары жолда өліп қалған. Қоғам белсенділері осы былықтың астарында үлкен қаржы айналымы жатыр дейді.

«Жирафтың құны 30-40 мың доллар болса, оны алмастыратын құстардың бағасы мың доллар шамасында. Бізде бұны дәлелдейтін құжат бар. Айналып келгенде, жағдай еш өзгермейтін болса, оны алмастырып керегі жоқ еді. Одан да менеджментті түгел жаңарту керек», — дейді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Бигелді Ғабдуллин.

Белгілісі, зообақтағы аң-құстар тұқымы көптен бері жаңартылмаған. Оның үстіне, соңғы 5 жылда 500 хайуан өлген. Мекеменің кірісін миллиард теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік болса да жылдық табыс қарқынды өспей келеді.

Сондықтан, жылдық табысты кем дегенде 600 миллион теңгеге жеткізу жөнінде талап қойылды. Алайда зообақ басшысы жетістіктерін алға тартып әлек. Аңдарды бақылайтын камералар 19-дан 119-ға дейін артып, қоректендіру жүйесі толық бақылауға алынған. Сондай-ақ, бақтың жағдайын жақсарту мақсатында арнайы жоба жасалып жатқанын жеткізді.

«Мынау енді үшінші жылға кетіп қалды, неміс архитекторы Питер Разбах мастер-планды бізге дайындап жатқан. Соны қаражатын төлеп, мастер-планды алып келіп, сол жоба бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын біздің хайуанаттар бағында жүргізу», — дейді Алматы зообағының директоры Қанат Кәрімов.

Соның арқасында зообақтың материалдық-техникалық мүмкіндігі артып, қызметкерлердің жалақысы көтерілмекші. Білікті мал дәрігерлерін де тарту көзделіп отыр екен. Ал осыған дейін белгісіз жағдайда көз жұмған аңдарға қатысты әлі де тергеу жүріп жатыр.

nur.kz

Бүгін, 12:48
«Жастар жұмыс жоқ деп өтірік айтпасын!»
Бүгін, 12:26
Көлік жүргізушіге ат арбаның қажеті қанша?
Бүгін, 12:17
Алдағы бағыт: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық
Бүгін, 12:03
Күйі кеткен кино үйі
20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
Серіктестер жаңалықтары