jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Сәкен Майғазиев: Қазақтың қарадомалақтарын құбыжық қып көрсетпе!

05 қараша 2016, 0:04
605

saken

Қазақ эстрадасының жұлдызы, белгілі әнші Сәкен Майғазиев соңғы кездері басы даудан арылмайтын «91» тобының продюсерін сынға алды. Өнер майталманы Ерболат Беделханға қазақтың қара домалақ балаларын «құбыжық» қылып көрсетуді доғар деп ағалық ақылын айтқан.
«Халықтың наразылығын тудырып жүрген нәрсе — сыртқы келбеті, яғни көздерін қара қаламмен бояуы, шаштарын қызыл-жасылға бояуы және сырға тағуы. Бұл әлдеқашан дәлелденген «диагноз». Айнаға қарап көзін бояп, сырға тағып отырған (елестетіңізші) еркек отанын, отбасын, жұбайын қорғайды дегенге өз басым сенбеймін. Барған жерлерінде концерт қоя алмай кету әншіге де, көрерменге де үлкен соққы. Ерболат бауырым, тыңдармандарыңды (ИГЛЗ (eaglez) аясаң етті! Бауырларымыз бес батпан бояусыз-ақ бойжеткендерімізді баурай біледі ғой. Түсінем, әр заманның киім үлгісі болады (кең, тар киімдер). Жігіттер онсыз да сәнді (стильно) киінеді ғой. Жұртшылыққа жігіттердің сәл ғана жинақталғаны (сдержанно) жеткілікті. ҚАЗАҚтай дана xалықпен санасу саналылық деп білем. ҚАЗАҚтың қарадомалақтарын «құбыжық» қылып көрсетуді доғар да, концерттеріңді кез-келген қалада қоя бер. Халық сұраса xан түйесін сояды деген. Соңғы кездері балаларды уайымдайтынды шығардым, «намысты жігіттер сабап тастар ма екен…» деп. Әр Қазақ менің жалғызым. «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» деген. Бір мәмілеге келіп, кішірейгенің дұрыс болады. Ағалық ақылымды, қамқорлығымды құп алады деп сенемін. Баршаңызды (иглздармен қосып) құшақтадым!», — деп жазды әнші инстаграмдағы парақшасында.

baq.kz

Бүгін, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?
16 тамыз, 13:26
"Бой түзейтіндер мен ой түзейтіндер бұққан заман"
13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар