jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Тұңғышбай Жаманқұлов бюджет қаражатын жымқырғанын мойындады

04 қараша 2016, 11:00
447

20161103111721

Тұңғышбай Жаманқұлов бюджет қаражатын жымқырғанын мойындады, деп хабарлайды Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросы. «Жақында ұсталған Т.Жаманқұлов өзінің қорғаушысының қатысуымен «Феникс» фильмінің түсіріліміне бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырғанын толық мойындады және өз айыбына өкініп, келтірген шығынды өтеуді мойнына алды. Т.Жаманқұлов қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырғанын растады және бюджеттік қаржатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол ҚР ҚК 65-бабына сәйкес, кепіл төлеу арқылы шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату шарасын қолдану туралы өтініш жазды. 3 қарашада Т.Жаманқұлов шығынды ішінара өтеді және оның қоғамдағы орны, жасы және кепілзат төлегені назарға алынып, Жаманқұловқа қатысты «кепіл» шарасы қолданылды. Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату туралы өтініш Т.Жаманқұлов, Н.Юдина және Г. Ысқақова келтірілген шығынды толық өтеген соң қаралады», — деп жазылған хабарламада. Еске сала кетейік, 2 қарашада аталған қаржыны жымқырды деген күдікпен Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталған болатын.

ҚазАқпарат

 

Бүгін, 12:48
«Жастар жұмыс жоқ деп өтірік айтпасын!»
Бүгін, 12:26
Көлік жүргізушіге ат арбаның қажеті қанша?
Бүгін, 12:17
Алдағы бағыт: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық
Бүгін, 12:03
Күйі кеткен кино үйі
20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
Серіктестер жаңалықтары