jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Иіс тиіп уланғандар

31 қазан 2016, 21:51
502

 

pesh

Жылынамыз деп көз жұмғандар! Елімізде қыс басталмай жатып кәдімгі пештен 70-тен аса азамат уланып өлді. Қайғылы оқиғалар көбіне ұйқыда жатқанда болған. Марқұмдардың арасында бесіктегі балалар да бар. Құтқарушылар мұны көбіне жұрттың немқұрайлығынан деп отыр. Яғни, есік аузындағы пешке жүрдім-бардым қарап, тіпті құбырын тазалауға да ерінетіндер бар екен.

Қатты жаурағанда түбіне тығыла кететін кәдімгі пеш соңғы кездері жылытып қана қоймай, жұрттың жанын да алып жүр. Әсіресе, суық өңірлерде ондаған адам уланып өлген.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі

-900-ден астам адамдар ауруханаға жатқызылған осы уланғаннан және де 70 адамнан астам адамдар қайтыс болды.

Әлі пеш жағып отырғандар Алматыда да жетіп артылады. Мәселен, Зуақұновтар отбасы күнделікті ыстық шәй мен тоқашты отқа пісіреді. Оттың қарқынын, әсіресе, ұйқы алдында көбейтеді екен. Өшіп-өшпегенін тек таңға жуық байқайтынын да жасырмайды.

Тоқтақұн Зуақұнов, Алматы қаласының тұрғыны:

— Ұмытып кетуі мүмкін. Көмірі тұтастай нетіп қалуы мүмкін, сол екі жағдай. Енді ірі көмір болса жанып кетеді ғой ол. Ұсақ болса жанбай, содан угар шығуы мүмкін.

Десе де құтқарушылар көмірден еш кінә жоқ дейді. Қайғылы жайттар көбіне жұрттың немқұрайдылығынан болады екен. От жаққандар пештің өзі тұрмақ, құбырына да мән бермейтін көрінеді.

Рауан Байларов, Алатау ауданы ТЖБ аға инженері:

-Ешкім келіп тазалап бермейді ғой. Әркім өзі үшін тазалау керек. Немқұрайды қарайды да бір сөзбен айтқан кезде. 9:40 Алдында кемшілігі бар, от түскен, шоқ түскен жағдайда қаупі бар, және мына жарықтар бар пештің бетінде міне жарықтар тұр ғой осы жарықтардан кетеді көбінесе…

Былтырдың өзінде 100 адам пештен уланып, әрең дегенде тірі қалған екен. Ал соңы адам өлімімен аяқталған қайғылы оқиғалар көбіне –Шығыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік  Қазақстан облыстарында болған. Әлі көгілдір отын жетпеген аймақтар жылынамыз деп ұрынған. Сорақысы сол, пештен иістенгендер иісін бірден сезе қоймайды екен. Бастапқыда басы ауырғандай боп, көзін ашиды. Кейін тынысы тарылып қалады. Ал ұйқыдағылар тіпті сеспей қатады. Адам мұрны сезбегенді бірден анықтайтын арнайы құрылғылар бар екен. Бірақ, қондырғы бәріне бірдей жетпеген соң құтқарушылар оны тек аз қамтылған отбасыларға ғана таратуда.

ktk.kz

Бүгін, 12:48
«Жастар жұмыс жоқ деп өтірік айтпасын!»
Бүгін, 12:26
Көлік жүргізушіге ат арбаның қажеті қанша?
Бүгін, 12:17
Алдағы бағыт: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық
Бүгін, 12:03
Күйі кеткен кино үйі
20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
Серіктестер жаңалықтары