jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Атақты волейболшы Жәнібек Сауранбаев дүниеден озды

25 қазан 2016, 14:55
736

zhanibek

Аты аңызға айналған қазақстандық және кеңестік волейболшы, КСРО-ның және ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Жәнібек Сауранбаев 77 жасында дүние салды.

ҚР Волейбол федерациясының хабарлауынша, Сауранбаев 24 қазан күні қайтыс болған. Жаназасы 27 қазан күні 10:00-12:00 аралығында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Жәнібек Сауранбаев алматылық танымал «Буревестник» клубының капитаны болған, ол клуб құрамында жүргенде Кеңес одағының чемпионы (1969) және Еуропа чемпиондары кубогінің  екі дүркін иегері (1970, 1971) болған.

Сонымен бірге Жәнібек Сауранбаев Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен, Әлем Кубогінің  иегері болған және әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған КСРО құрамасы сапында ойын ойнаған. 1972 жылы ойындық мансабын аяқтаған Жәнібек Нығметұлы табысты волейбол бапкері болды. Кувейт пен Қазақстанда жұмыс істеді. Алғаш рет Қазақстан Паралимпиада құрамасын әлемдік спорт аренасына алып шықты.

Профессор Жәнібек Сауранбаев 40 жылдан астам өмірін педагогикалық қызметке арнады. Архитектура-құрылыс институты мен Қазақ политехникалық институтында дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі болды. Сіңірген еңбегі мен жетістіктері үшін, Қазақстан және КСРО волейболына қосқан ерекше үлесі үшін Жәнібек Сауранбаев бірнеше рет мемлекеттік наградалармен марапатталды.

ҚазАқпарат

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!