jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Семейде күйеүіне ренжіген келіншек сәбиін өзенге тастады

24 қазан 2016, 23:15
442

snimok

Семейде 22 жастағы келіншек шынашақтай қызын Ертіске ағызып жіберді. Күйеуімен жанжалдасып қалған ол өз-өзіне қол салмақ болған. Баласын құшақтап өзенге секіргенде нәрестеден айырылып қалған.
Оқиға түнгі үште болыпты. Жолдасымен ұрсысып, ашуға булыққан әйел баласын алып үйінен шығып кетеді. Артынша, құшағындағы 1 жарым жастағы сәбиімен қоса Ертіс өзеніндегі қауіпті аумаққа жеткен. Есін жинап өзі жағаға шыққанымен, ағыны қатты суда қолындағы баласын жоғалтып алған екен. Әзірге ерлі- зайыптылардың арасындағы өлімге итермелеген кикілжіңнің неден туғаны белгісіз. Қазір бұл іске жергілікті полиция араласып, тергеу жүргізіп жатыр. Егер қасақана кісі өлтіруге оқталғаны дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал таңнан бері іздеуге кіріскен сүңгуірлер қыз баланың денесін таба алар емес.

Ринат Бабажанов, құтқарушы:

— Ағын қатты, жағада тұратын жер жоқ.Ағын алысқа алып кетті деген ойдамыз.

ktk.kz

Бүгін, 12:48
«Жастар жұмыс жоқ деп өтірік айтпасын!»
Бүгін, 12:26
Көлік жүргізушіге ат арбаның қажеті қанша?
Бүгін, 12:17
Алдағы бағыт: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық
Бүгін, 12:03
Күйі кеткен кино үйі
20 қараша, 14:51
Сағы сынбаған, намысы қайралған
20 қараша, 14:22
Арқада жайылым тозған, шаруа шарасыз
20 қараша, 14:11
Балаларымның атын қазақша қойдым
20 қараша, 14:06
Қылмыстың құйрығы - біртұтам
Серіктестер жаңалықтары