jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту

18 қазан 2016, 15:55
336

img_9553-3

Алматыда үкіметтік емес ұйым көшбасшылары әлеуметтік кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренеді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік  мектебі үшінші әрі соңғы кездесуі іс жүргізуді дамыту мен ұйымдардың стратегиялық жоспарын дайындауды мақсат етеді. Жобаға қатысушылар қаржыландыру үшін ресурстарды қайдан табу керектігін, мемлекеттік тапсырысқа қатысу жолдарын, стратегиялық жоспарлау үрдісін талқылайды. Сонымен қатар  маркетингтің қыр-сырын үйренді. Оқытудың соңғы күнінде қатысушылар бұрын коммерциялық емес іспен айналысып, бүгінде табысты бизнесті жолға қойған әлеуметтік кәсіпкермен бетпе-бет сөйлесті.

Қатысушылар қазақ және орыс  тілдерінде теориялық білім алып қана қоймай,  білімін тәжірибе жүзінде бекітеді. Әрбір қатысушыға бекітілген үйлестіруші бизнес-жоспарды жазу барысында және ұйымның әлеуетін арттыру мен әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға қажетті мәселелер бойынша кеңес беріледі.

Жобаға қатысушы шымкенттік Наталья Мурзина былай дейді: «Жоба тек теория тұрғысынан емес, сондай-ақ тәжірибелік дағдылар тұрғысынан да өте пайдалы. Бірте-бірте, өз үйлестірушіміздің көмегімен біз кәсіби жетілумен қатар кәсіпкерлік дағдыларды да дамытып келеміз! Біз бір командаға айналдық және болашақта табысты әлеуметтік кәсіпкерлерге айналамыз деген сенімдемін».

Ал жобаның менеджері Алма Шолпанқұлованың пікірінше, бұл жоба әлеуметтік кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды  және ҮЕҰ-ның әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға қажетті әлеуетін дамытуды мақсат етеді. Қаржылай орнықты болу үшін, өз бетінше ақша табумен қатар әлеуметтік мәселелерді шешіп үйрену қажет.

Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі Орталық Азияның Еуразия Қорымен Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «ҮЕҰ Сараптама Орталығының орнықтылығы жөніндегі бастама» жобасының аясында құрылды.

 

11 қазан, 12:50
Нәрестенің наласы
04 қазан, 12:24
Күрделі күрмеу
27 қыркүйек, 12:12
Мәдениетсіз білім қауіпті
27 қыркүйек, 12:06
Мал арзанға кетіп жатыр
20 қыркүйек, 13:06
Өкінбейтініміз өкінішті
20 қыркүйек, 10:35
Көрерменді адастырмаңдар!
13 қыркүйек, 14:24
Айман Омарова, адвокат: Ең бастысы –диалог
13 қыркүйек, 14:10
Қармақ емес, балық сұрайды