jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Америкадағы мүгедек жерлесіміз жарысқа қатысады

26 қыркүйек 2016, 14:16
299

13 жыл бұрын төрт жасында асырап алынған Тимур Фергион ауруға берілмей, 5 шақырым қашықтықты еңсеруде. Ол Колорадо штатында Гранби қаласында жүгіру спортымен айналысады. Ол америкалық әкесі Джим Фергионға алғысы шексіз, деп жазды Hartford Courant.

Тимур жамбас буынының қос дисплазиясымен өмірге келді,  оған үш жасқа дейін бірнеше ота жасалды, 5 жасқа дейін жүре алмады. Балалар үйінде 4 жасына дейін болды.

Джим Фергион балаларды асырап алған кезде жасы 52-де болды. Әйелімен ажырасқан, екі баласын өз тәрбиелеп отырған еді. Оның зейнеткерлікке шығуына 4 жыл қалған болатын. Ол Брэдли халықаралық әуежайында диспетчер болып жұмыс істеді.

20160926111029

Ол Қазақстаннан бала асырап алу жайын қарастырып жүріп, мұнда бірнеше баланы қамқорлыққа алуға мүмкіндік берілетінін білді. Тимур өгей әкесімен алғаш рет 2002 жылы кездесті. Құжат реттеу 11 айға созылды. 2003 жылы  Джим Фергион 4 жасар Тимур мен 2 жасар Әминаны асырап алады. Басында қиын болды. Себебі балалар ағылшын тілін білмеді. Тимур қайтадан балабақшаға барды.

Тимурға ауыр ота жасалды. Өткен қыста Коннектикутта Балалар медициналық орталығында толық сауықтырудан өтті. Ақсаңдап жүргеніне қарамастан 17 жастағы Тима ойлы-қырлы жерлермен жүгіргенді ұнатады. Найза лақтыру, сырықпен секіру, қыста сноубордпен айналысады.

«Ол керемет жігіт, — деді Тимурдың бапкері Деннис Лобо. — басқаларына үлгі болуда. Ол үздік командалық ойыншы».

20160926111043

Қазір Джим Фергион Коннектикуттағы балалар медициналық орталығының бұрынғы медбикесі  Джо-Энн Смитке үйленген. Қызы Әмина — Granby High екінші курс студенті. Футбол командасында ойнайды, жеңіл атлетикамен айналысады.

Тиманың балалар үйіндегі кішкене кездері есінде жоқ. Оның айтуынша, жүгіруде оған мәреге келу қатты ұнайды екен. «Маған алға қойған мақсатқа жеткеннен кейінгі күйім ерекше әсер етеді», — деді ол күліп.

ҚазАқпарат

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы